қолдан сәнді қорап

Алғаш тіккенімді үйдегілерге «келе жатқан жаңа жыл сыйлығым» десем де қабылдата алмаған соң (қалжын аралас) кішкене көңілсіз жүр едім. Өз еңбегінің босқа кететінін кім қаласын :) деееп жүргенімде Роза апай «маған сыйла, қуана қабылдаймын» деді. Оки-доки! Қалтаның иесі табылды, енді оған жақсы бір қорап тапсам ғой. Содан түннің бір уақытысында «подаркама» «упаковка» жасауға кірістім :) Ешқашан есеймейтін, еріккен деп мына мені айт :)) Әйтеуір дегенде сағат таңғы 4-терде «сыйлығым» сақадай сай дайын болып тұрды.

Қалта сиятын қорап жасау үшін үлкен қағаз керек болды. Ол үшін үйде қолданыссыз жатқан, қағазы қалын күнтізбені қолдандым. Негізінен «шикізаты» дайын болса, көп дегенде 10 минутта-ақ жасауға болатын нәрсе. Келе жатқан жаңа жылдық сыйлықтарымның бәрін осындай қораптар жасап сыйламасам осыдан. Өзіме ұнады.


(жасау реті солдан оңға қарай көрсетілген)

1- керек заттар: үлкен қалын қағаз, линейка (мендегісі – рулетка), қайшы
2- қағазды екіге бөліп кесіңіз; біреуі – 33х33 см өлшемінде, екіншісі – 30х30
3- 33х33 қағазын алып екіге бүктеңіз.
4- ашып, басқа жағынан да екіге бүктеңіз.
5- Төрт бұрышын да ішке қарай бүгіңіз.
6- кітапша сияқты етіп екі жақты ортаға қарай бүгіңіз, ашып басқа жағын да бүгіңіз.
7- енді бір ұшын көтеріп жіберіп, шеттерін оның астынан ішке қарай бүгіңіз
8- Ұшты ішіне қарай бүгіңіз. Екінші жағымен де солай істеңіз.
9- Енді 30х30 см қағаздан тура осылай қылып қораптың астын жасаңыз.
10- Лентамен сәндеу үшін: клей, қайшы және лента керек болады.
11- Лентаны екіге бөліп, ұштарын қораптын екі жақтың ішінен жабыстырыңыз.
12- Бантик жасаңыз. Қайшымен лентаның ұштарын шығарыңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: * қолөнер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

5 Responses to қолдан сәнді қорап

  1. Gaukhar айтады:

    well.. mende onda eseymey jurmin be :P, men bolsam, jewelery jasap jurmin, tagi bir zattar oyimda.molodec, magan unaydi, kizdardin kop hobby'i bolgan jaksy siyakti.

  2. Эльвира айтады:

    сен Дәмді блогыңды қашан жаңартасын, соны айтш.. күтіп-күтіп сарғайдық :)әшекей жасау да күшті нәрсе, бірақ мен шыққан затты "реализовать" ете алмай, жасалынғандар қор болады ма деп қорқамын.. әрине әшекей асыл тастардан жасалынса өзім-ақ тоздырып тастар едім ;)

  3. Gaukhar айтады:

    negizi asil tastardan jasauga magan ali erte, onday oyimda bolgan birak, ogan jaksi ideya da kerek. men fimo plastikadan jasaymin, 1-2 isin kizdarga podarit ettim, dostarima. 1uin ozim tagip jurmin, fimodan jasap, kasina kishkene swarovski tasinan 1-2uin koysan, ademi bolad. fimodan kop zat jasaug bolad, youtube'te bar, online sabaktar da bar.

  4. Бақытнұр айтады:

    Eleke Pan-turkismge kirip ketkesiz be?Kartalardy aitam…

  5. Эльвира айтады:

    Баха, :))ол карталар емес, күнтізбе болатын. Қап кеспей тұрып, күнтізбені толық күйінше түсіріп алуым керек еді. Үлкен ағаштың суреті бар еді. Ағаштың тамырларында түркі халықтар көрсетілген. типо ортақ шежіреміз. бір көрмеден келіп, үйде қалып қалған күнтізбе еді.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s