қағаз майлықтарға арналған қалта

Өзіме жаңа бір ермек тауып алдым ;) Былай болған ғой, бір күні Айшанікіне барсам ол құрбым тігін машинка сатып алыпты да керемет дүниелерді тіге бастапты (әдемі жастық, сумка). Оған еліктемесем қазақ боламын ба :) 13 жас туған күніме папамдардың алып берген тігін машинкасын тауып алып (әлі ашылмай коробкада тұрған еді!) соңғы 1-2 апта бойы сонымен әлек болып жүрмін, ас үйге жолды ұмытып. Екі апта дегеніме қарап менен күшті-күшті дүние күтпеңіздер бірақ. Төмендегі қағаз майлықтарға арналған қалтадан басқа ештеңе жасамадым. Әлі.

Нағашы тәтелерімнен басқа біздің жанұямызда ешкім тікпейді. Менің қызығушылығымды көріп, үйдегілердің қуанғанын көрсең ғой :) Дереу 1960 (!) жылы шыққан «шейти сами» атты кітап табыла қалып, қолыма ұстатылып, «маған мына-мынаны тігіп берші», «қызым, мынаның моделін өзгертуім керек» деген тапсырыстар жауа бастады :)) Тігістері қисық-қисық болса да, кішкентай ғана қалтам үйімізде кәдімгідей «төнкеріс» жасап, рейтингімді күрт көтеріп жіберді :)) Осыдан түйіндегенім – жаңа нәрсе жасауға жасқанбау керек: өміріңізді болмаса, мұндай «жаңалықтар» қасындағыларыңыздың өмірін әбден өзгертуі мүмкін :)

Қалта үшін 16,5 х 18 см екі мата керек. Үйден жөнді мата таба алмай, бір үйден «жыртыс» деп келген маталарды қолдандым. Маталарды бір-біріне оң қаратып, шетіне 0,5-1см қалдырып тігіңіз. Айналдыру үшін матаның ұзын жағынан 3 см-дей қалдырыңыз. Матаны айналдырып, үтіктеп жіберіңіз. Енді қысқа жақтарын суретте көрсетілгендей ортаға бүгіңіз. Екі жағын тігіп тастаңыз. Болды. Енді оң қаратып, қолдана беруіңізге болады :)

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: * қолөнер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

8 Responses to қағаз майлықтарға арналған қалта

  1. Nurgul айтады:

    mashallah!iske syat! magan da bir narse tigip berinizwi :) matasi ozimnen :))

  2. Эльвира айтады:

    матаңды құртып жүрсем, өкініп қалма ;)) рахмет!

  3. Aisha айтады:

    molodets elvir, osimen toktama baska da kizikti narseler kutemiz..

  4. Эльвира айтады:

    ой рахмет, Айшик! бірақ саған жету қайдааааАаа (соңғы "а" әріпін созып айту керек!)..жаңа жылға қуыршақ жасап қоюым керек. жиендеріме. қазір соған басым қатып жүр :)

  5. Gaukhar айтады:

    super shikti dep ayta almaym :), no ideya super. tagida kobirak practice jasasan, budan da ademi jasaytin bolasin!

  6. umit айтады:

    mina kalta jaksi eken vlajni salpetkanin kaltasi siakti sagan raxmet senen braz uirendim

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s