Осы апта «маған жасалыну керек подаркілердің тізімін» реттеумен босамай жүрмін ;) Жылына бір-ақ күн не қаласам да, не істесем де, не айтсам да бәріне де ОҢ баға берілетін МЕНІҢ күнім жақындап қалды :) Қаншаға толатынымды айтсам – сенбейсіндер. өйткені ел түгіл өзім де сенбеймін. Эх расында 50-60 жыл дегенің түк емес екен.. ыхм, тақырыптан ауытқымайын – кімде-кім Эльвираға не сыйласам екен деп қиналып отырған болса, әлі уақыт барда маған хабарлассын; бүгін барлық туыс-жора-жолдастарымның мейлдеріне жібергенімдей сізге де жіберейін «маған жасалыну керек подаркілердің тізімін» ;) бізде ұят жоқ. жылына бір-ақ рет ;)
Негізінен печенье рецептімен бөлісуге келген екем ғой. Бұл печенье бір-ақ нәрсесімен ерекше – айва мармеладымен! Басқа да мармелад жарай береді-ау, бірақ печеньеге айванікіндеі сәл қышқылдау дәмді басқалар бере алмас. рас айтам.
– 500 гр ұн
– 250 гр жұмсартылған маргарин
– 1 стакан қант пудрасы
– 1 ш.қ. разрыхлитель
– 1 үлкен жұмыртқа
– 1 ас қасық крахмал
Жұмыртқаның сарысынан аздап бөліп қойыңыз. Шұңғыл ыдысқа ұн қойып, ортасын ашыңыз да ішіне май мен жұмыртқа, қант пудрасы, разрыхлитель және крахмал қойып жәймен араластырыңыз. Алдыменен ұнмен араластырмай тек ортадағы заттарды, кейін біртіндеп шетінен ғана ұн қосып араластырыңыз. Жұмсақ қамыр илеңіз. Жаңғақ үлкендігінде домалақтар жасап, арнайы қағаз үстіне тізіңіз. Домалақтардың ортасын оқтаумен тесіңіз. Енді ортасына шәй қасық ұшымен мармелад қойып шығыңыз. Печеньелердің шеттеріне жұмыртқа сарысын жағып шығыңыз. 180С духовкада шеттері қызара бастағанға дейін пісіріңіз. Ас болсын!
slm tugan kuninmen,pecenyalarin adetegidei damdi de ademi bolgan eken,:( meniki seniki siyakty bolmaidi kansa tirisamda yagni kolga bailanisti bolip ur goi…
Gulmira, көп рахмет! міне бүгін тағы бір жылымды бітірген болдым. :) мамам печенье болсын, басқасы болсын тамақтың сәтті шығуы қолға да емес, көбіне аспаздың көңіл-күйіне байланысты болады дейді. көңіл-күйлеріміз үнемі жақсы болсын!
Elvira! tugan kunin kutti bolsin!En basti zor densaulik jeke omirinde, jumisinda sattilik tileymin. Seni sol litseydagi kalpinda ali kunge deyin elestetem ashik jarkin kalpinnan kaitpa.
ух ты! Қаламқас – которая на Ботаническом? :) УАУ!!! Вот это неожиданность! Қалайсын?! Сенің сен екенін біліп ӨТЕ таң қалып отырмын ;) көріспегенімізге қанша жыл болды??? өте жақсы сюрприз жасадың! Рахмет!
Elvira, tuilgan kuninizben!!!sizden Alla razi bolsin! siz jay tamak jasap kansha adamga komek tesetinizdi bilseniz goi :) inshaAlla kelesi omirde bilesiz ;)p.s sizdin shakirtteriniz bar ekenin bilesiz be? :) men de blog ashkan edim sizdin aytuinizben, birak ali ol jakka eshnarse jazbadim, sizdin blogtin kopiyasi bolip kaladi dep :) p.p.s pe4en'e prosto super, damdi jane tez!raqmet :)
рахмет, Айша! көп рахмет! блогыңды тез арада іске қосуыңды тағатсыздана күтемін! аспаздар қауымына сенің блогың маңызды!