Аспаздыққа деген қызығушылығымды біліп үйдегілер қонаққа барып қызықты бірнәрсе жеп келсе міндетті түрде оның рецептін сұрап келеді немесе бір газет журналдардың аспаздық айдары болатын болса оны әдемілеп мен үшін сақтап қояды ;) «Жұлдызбен сырласу» журналының 29/11/2009 №5 саны маған солай жеткен болатын. Журналдың бірінші бетінде Айдар Байжанов (Жігіттер квартеттегі) салаттар мәзірімен таныстырып тұр екен.
Айдар ұсынған рецепттер бір қарағанымнан-ақ ӨТЕ таныс көрінді. Фотосуретті ұнатушы біреу ретінде Ақбантиктің дастарханында көрген тағамдарды бірден таныдым. Көздерім алдаған болар деп Ақбантиктікіне кіріп салаттарға қайта қарадым. Сезгенімдей дәл өздері екен! Өкініштісі ақбантиктен алынғаны ешбір жерде жазылмаған. Әрине, Айдар Ақбантиктің алыс-жақын туысқаны шығар (суреттер автор рұқсатымен алынған болар) / Айдар ол рецепттердің журнал редакциясы оның атынан жариялағанын білмейтін да шығар (ол да мүмкін), қайткен күнде де авторлық құқық сақталынбағаны жаман болды.
mash. elvira hanim husnuzanin bu kadarini gormediydim :)
Жадыра: Қыздар, Айдар салаттар ұсынса не бопты, сілтемесін беру ойына келмеген шығар, онда тұрған не бар? қайткенде де ол біздің сүйікті әншіміз, осы әншілердің соңынан сөз айтуды қойыңдаршы!
Жадыра, ;)Айдардың жақсы әнші/жақсы адам екеніне күмән келтіруден Құдай сақтасын. біз жәй ғана, біреудің еңбегін (дәл осы жағдайда – суретін) рұқсатсыз қолдану ӨТЕ сүйкімсіз бір іс екенін айтқымыз келді. Әйтпесе Айдар да жақсы, "Жұлдызбен сырласу" журналы да жақсы, Ақбантиктің дастарханы да жақсы. еш күмән келтірмейміз.
Жадыра: Бәсе, сөйтсеңдерші қыздар…
Жадыра: Әльвира, не деген жақсы қыз едің! Өзіңнің жасаған түрлі рецепттеріңді көріп, шынымды айтсам, таң қалдым.Осынша тамақты жасауға ерінбей, бәріне де уақыт тауып жасап жүргеніңе риза болдым. Жарайсың!
рахмет! негізі ерінетін кездерім болады :) соңғы екі апта мысалға, ерініп ешнәрсе жасамай жүріп алдым. еріншек болмау керек бірақ та.
Мәсссағаннннннннннн,Мұнда қызық.Ай осылардың пәлесін-ай, менің келіншегімнің суреттерін ұрлап.Қәзір біреудің суретін журналға емес, блогыңа сілтемесіз басу үшінде сілтеме бересің.Ақбантиктің суретін алып қойды деп отырғам жоқ, ала берсін мейлі. Бірақ бүгін А-нікін алса ертең Б-нікін алады, содан С-нікі, содан еті үйренеді.