құрбандық қой

Қандай күшті – ертең Құрбан Айт! Биыл айтты ерекше шыдамсыздықпен күтіп жүрмін! Нағыз мерекелік көңіл-күй мен мерекелік дайындықпен ;) Айт мерекесін ылайықты түрде өткізуді нәсіп қылсын инш. Бүгін Айт күні шалынатын құрбандыққа қосымша ретінде төмендегідей тәтті «қойды» пісіруді ұсынамын. Айттарыңыз құтты болсын, аспаздар!

«Бұл не екенін тауып көр» дейін десем, үйдегілердің жорамалдарынан кейін (біреуі қол деді, біреуі есек деді, біреуі сиыр), шыны керек, сұрауға да қорқып тұрмын ;) Сіздікі қойға көбірек ұқсайтынына сенемін. (Жұмысқа асығып қойдың астындағы қағазды алып тастау үшін оның суығанын күте алмадым. Сурет көңілімнен шықпаса да – бары осы)

– 1 стакан жылы сүт
– 1 ш.қ. тұз
– 4 ас қасық қант
– 100 гр ерітілген сары май
– 1 жұмыртқа + 1 жұмыртқа сарысы
– ұн
– майдалап туралған өрік-мейіз-жаңғақ

1 ас қасық ұн + 1 ш.қ. қант + жарты стакан жылы су + жарты пакет құрғақ ашытқыны араластырыңыз. Ашытқы көтерілгенше үстін жауып қойыңыз. Көтерілген ашытқыға 1 стакан жылы сүт құйыңыз. 1 жұмыртқа мен қант+ тұз қосыңыз. аз аздын ұн қосып, қолға жабыспайтын қамыр илеңіз. Шамамен 3-4 стакандай ұн қажет болады. Керек болса сұйық май қосып илеңіз. Қамырдың бетін сәл майлап қойып, үстін пленкамен жауып, кем дегенде 3-4 сағатқа қойып қойыңыз. Қамыр екі есеге көтерілуі тиіс.

Енді ең қызығы – қамырды жаңғақ үлкендігінде 18-20 домалаққа бөліңіз. Әрқайсысын қолмен жұқартып, ішіне туралған өрік-мейізден қойыңыз. Домалақтарға әртүрлі начинкадан қойсаңыз қызықтырақ болады; оларды үзіп жеген кезде келесінің ішінде не болады екен дейсің. Артылған қамырды екіге бөліңіз. Біреуін сопақша етіп жасаңыз – ол қойдың басы болады (начинкасын салуды ұмытпаңыз), ал екіншісін ұзынша етіп жұқалаңыз, қамырды сулап жіберіңіз де ішіне өрік-мейізден қойып, тығыздап ораңыз. Төртке бөліңіз – бұл қойдың аяқтары ;). Енді барлық бөлшектерді жинаңыз. Алдыменен суды жағып шығыңыз. 10 минуттан кейін жұмыртқа сарысын жағып, 220С үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Тәтті бәліштер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

One Response to құрбандық қой

  1. Aysha айтады:

    aitpaniz :) bundai ademi "barashek"ti kalay kisin jeuge :)))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s