гүл-гүл жайна

Дағдылы аудармашы болса да, ол – басқа тілдегі блогтарды оқуға таптырмас мүмкіндік берді. Енді қытай, жапон, украин немесе серб тілінде де блогтарды оқи алатын болдым. Соның арқасында ғана рецепт қобдишам Minjina-ның дәмді тоқаштарымен толықты.

– 300 гр ұн
– 120 гр сүт
– жарты пакет ашытқы
– 50 гр жылы су
– 50 гр сұйық май
– 1 ш.қ. тұз
– 2 ас қасық қант
– Сұлтан шұжығы «чайная»
– 1 жұмыртқа сарысы

Жылы сүтке жылы су қосып ішіне ашытқыны езіңіз. Ашытқының жақсы көтерілуі үшін аздап ұн мен қант қосыңыз. Көтерілуі үшін жылы 10 минутқа үстін жауып қойыңыз. Енді көтерілген ашытқыға май мен тұз қосып араластырыңыз. Аз аздан ұн қосып тұрып қолға жабыспайтын қамыр илеңіз. 300 гр ұнның бәрін қосқанның өзінде қамырыңыз қолға жабысып тұрса, аздап майдан қосыңыз. Қамырдың бетін жауып 1 сағатқа жылы жерде ұстаңыз. Екі есе көтерілуі керек. Қамырдан аздап алып қойып, қалғанын бірдей, жұмыртқа үлкендігінде домалақтарға бөліңіз. Сол домалақтардан 15 см ұзындықта жалпақ етіп жайыңыз. Шұжықты өте жұқа етіп тураңыз да, екіге бөліп жайылған қамырдың бір жағына қойыңыз. Енді қамырдың шұжығы жоқ шетінен төменге қарай ораңыз. Ұзынша келген түтік тәрізді болуы керек. Түтіктің екі жағын біріктіріңіз. Іші тесік шеңбер шығуы керек. Қалған қамырларды да осылай орап шығыңыз. Барлығын арнайы қағаз төселген ыдысқа бірден тізіп қойыңыз. Өткір пышақ немесе арнайы қайшымен шеңберді тілімдеп, гүл формасын келтіріңіз. Бетіне жұмыртқа сарысын жағыңыз. Енді бөліп қойған қамырдан кішкентай домалақтар жасап, ол домалақтарды алдыменен жұмыртқа сарысына, одан соң кунжутқа малып шеңберлеріміздің ортасына қойып шығыңыз. Осы күйінше тағы 15-20 минуттай жылы жерге қойып қойыңыз (жақсылап көтерілуі үшін) да, 200С ыстық духовкада 25 минуттай пісіріңіз (үсті қызарғанға дейін).

п.с.: Minjina сайтында тоқаштардың мастер-классы бар.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ұн тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to гүл-гүл жайна

  1. Aysha айтады:

    shinimen ote damdi. gulder de dastarhanda ote suikimdi bolip turadi :)en manizdisi, ertengi kunnin ozinde de jup-jumsak boladi.Elvira, tagi da ULKEN algisimdi bildirem :)

  2. Эльвира айтады:

    оОо, сәлем! 2009 жылдың рецепттеріне жетіп, оларды да жасап көріп жүргеніне дән риза болдым! :)) рахмет саған!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s