Кеше Асыл Арнадан «балаларға базарлық» форматында 5-6 жасар балалар үшін діни сабақ болып жатыр екен. Орыс тілінде. Балалар көрпешелердің үстінде сабаққа зейін қойып отыр (сценарий бойынша). Бірақ та бүлдіршін «тыныш отыр» дегенге қашанға шыдасын – әрең отырғандары көрініп тұрды. Мұғалім апай (утрирую)«..гуманистические и созидательные принципы Ислама..» деп 6 жасар балаларға емес ересек біреуге айтып тұрғандай. Ара арасында «түсінікті ма, балалар» дегенде балаларға жан кіріп айтылғаннан ешнәрсе түсінбесе де барлығы да «иә» деп тұрды. Тележоба үшін болса да діни сауат ашу сабағында кішкентайлардың өтірік айтқандарына жаным ашыды. Осы неге (мысалға) ресейлік «Теленяня» арнасындағыдай балаларды қызықтыратындай етіп жасамасқа? Балалар болғаннан кейін сабақтың тілі де жеңіл, құрамы да (ойын-сауық қосып) басқашалау болу керек сияқты.
Бүгін итальян ас үйінің ең оңай тағамын ұсынбақшымын. Үйдің кішкентайлары аса ұнататынын астын сызып айтайын. Бірақ абай болыңыз – оларға жегізер алдында спагеттилерді турап қойғаныңыз жөн, әйтпесе еден, қабырға бәрі де бешамель соусқа бүлінеді.
– 250 гр фарш
– 4 қызанақ
– 1 пияз
– 1 ас қасық томат
– 1 пакет спагетти
Спагетти мен балоньез соусын бір уақытта пісірсеңіз, екеуін де ыстықтай ұсына аласыз. Сондықтан алдыменен спагетти үшін тұзды су қайнатыңыз. Бөлек табада пиязды майдалап тураңыз да майға қуырыңыз. Фарш қосып, тұздаңыз. Томат қосыңыз. Осы уақытта спагетти үшін қойған суыңыз қайнауы керек – спагеттилерді қайнатыңыз. Қызанақтарды 1-2 минуттай қайнаған ыстық суда ұстап, қабығын аршып тураңыз. Қызанақтарды табаға қойып бәрін жақсылап қуырыңыз. Табаға спагетти қайнатқан судан 1 ожаудай қоссаңыз дәмдірек болады. Артық суды төгіп спагеттиге қалаған майдан қосып араластырыңыз. Үстінен соус қойып, ыстықтай сервис жасаңыз.