сүзбелі маффиндер

Сырты қара, іші ақ. Адамға ұқсайды. Сыртынан сүйкімсіз, тұйық, мінезі жаман, ашулы болып көрінгенімен, ішінен сұлу әрі «аппақ». Адамның мың жерден кемшілігі, ондаған жаман әдеті болса да, әркімнің өзіне тән ішкі сұлулығы бар. барына сенемін. Бір жаманы – көп адам сол іштегі сұлулықты сыртқа аша алмайды, я болмаса көрсеткісі келмейді.

– 200 гр ұн
– 4 ас қасық какао
– 1 жұмыртқа
– 6 ас қасық қант
– 100 гр сары май
– 1 стакан айран
– 1,5 ш.қ. разрыхлитель

– 200 гр майлы сүзбе
– 3 ас қасық қант
– ванилин
– мейіз

Сүзбені қант және ванилинмен араластырыңыз. Қант толығымен езілуі тиіс. Мейіз қосыңыз. Бөлек ыдыста жұмыртқаны қантпен араластырыңыз. Ішіне еріген сары май, айран қосыңыз. Барлық заттар жылы болуы керек. Енді аз аздан ұн мен разрыхлитель қосыңыз. Алдын ала ұн мен разрыхлительді араластырып қойсаңыз жақсы. Енді, маффин ыдысына 2 қасық қамыр қоспасынан, оның үстіне 1 қасық сүзбе қоспасын және оның үстіне қайтадан қамыр қоспасын қойып шығыңыз. 180С ыстық духовкада 20-25 минут пісіріңіз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: маффиндер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s