ірімшікті кәді тілімдері

Вегетериандық нұсқасын жасап болған соң «қасына тағы майда котлеттерден жасағанымда ғой» деген ой келді. Ет па, картоп па бір нәрсесі жетіспей тұрғандай болды маған. Әрине көкөністен жасалынатын тағам үшін жаман емес + әрі өте тез (жасалынады) + әрі аз шығынды. Осындай кәділердің қасына пюре немесе макарондар жақсы келеді.

– 2 кәді
– 2 қызанақ
– ірімшік
– сұйық май
– тұз

Кәділерді жуып, түбін кесіп тастаңыз. Аршымай 1 см қалындықтықта тураңыз. Тұзды суға салып қойыңыз. Сарымсақты езіп, сұйық маймен араластырыңыз. Табаға алдыменен осы сарымсақты қоспаны жағып, оның үстіне кәділерді тізіп шығыңыз. Кәділердің үстін аздап майласаңыз болады. Духовкаңызды ең қатты дәрежеге қойып, кәділерді 10 минуттай пісіріңіз. Осы уақытта қызанақтарды шеңберлеп тураңыз. Ірімшікті ірі төртбұрыштарға тураңыз. Кәділерді духовкадан шығарып, алдыменен қызанақты, оның үстіне ірімшікті (және қалауыңыз бойынша сүйексіз зәйтунды) қойып, духовкаңыздың дәрежесін 220-ға түсіріп, ірімшіктің үсті аздап қызарғанға дейін пісіріңіз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s