апельсинді кекс

Кездескенімізде тілім «қышып» по-чёрному қалжындасатыным, сондықтан болар үйіне бара қалсам үнемі маған ыдыс жуғызатын, көп әрі тез сөйлейтін бір құрбым бар. Есімі – Шенгүл Қ. Пысық дегенде өте пысық! Үйіндегі гүл бақшасын былай қой, көктемде жолдасының офисі жақта небір көкөністерді егіп, бүгін соларды жинап түрлі салаттарды жауып тастағанын айт. Бұл бір. Сосын, үйдегі маталардан өзіне-қызына бірдей көйлек-етек тігіп, неше түрлі тоқымаларды тоқи алады. Екі ма? Үшіншіден – тамақ жасағанды ұнатып қана қоймай, көптеген дәмді әрі тез пісетін тағамдарды жасай алады. Хмм.. (арамызда оны танитындар шығып қалса) оған көп мақтап жібергенімді айтып қоймаңдар!! Негізі қысқа қайырып, жәй ғана ол жасаған кекс рецептімен бөліспекші едім.. ;)

– 3 жұмыртқа
– 1 стакан қант
– жарты стаканнан сәл көбірек сұйық май
– 1 стакан сүт
– апельсин цедрасы
– ұн
– жарты пакет разрыхлитель

Жұмыртқаларды қантпен араластырыңыз. Сұйық май + жылы сүт + апельсин цедрасын қосып тағы араластырыңыз. Енді осы қоспадан 1 стакандай бөліп қойып, қалғанына ұн мен разрыхлитель қосыңыз. Бәрін жақсылап араластырып, 10 минутқа қойып қойыңыз. Форманы майлап, алдын ала ысытылған духовкада 30 минуттай пісіріңіз. Піскен кексті сәл суытып, үстіне бөліп қойған қоспадан қасықтап құйыңыз. Кекс толығымен суыған кезде тураңыз.

суреттегі қалам дұрыс жатыр. осылай ойластырылған өзі :)

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to апельсинді кекс

  1. Anonymous айтады:

    elvira apelsinnin kabigin terkadan otkizgen durispa alde turaganba? janede 1 apersin kabigin koldanip edim aromati katti wikkan siyakti boldi, rahmet, ainur o

  2. Эльвира айтады:

    өзім әлі жасап көрмедім. пайымдауымша, үккіштен өткізген-ау. Әйтпесе, сенің апельсинін тым үлкен болған-ау шамасы :)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s