әпкемнің борщы

Өткен апта әпкем мен жиендерім үйге қыдырып келген болатын. Сонда әпкем дәмді борщ пен вегетериандық орама нан жасаған еді. Өте ұнады. Қолдары дерт көрмесін. Орама нанның суретін түсіріп үлгермесем де, борщтың суреті мен рецептін көп кешіктірмей беріп тұрмын. Әпкемнің айтуы бойынша борщтың дәмі ертеңіне одан ары жақсара түседі. менің ойымша екі түрлісі де жақсы.


Алдыменен сорпа пісіріп алыңыз, ол үшін мұздай суға ет салып қайнатыңыз. Тұздап, көбігін алыңыз. Сорпа мөлдір болып пісуі үшін ішіне аршылған бір кішігірім пияз салып жіберіңіз. Табаға кезегімен майдалап туралған пиязды, сәбіз бен ұзынша туралған қызылшамен қосып аз майға қуырыңыз. Көкөністер күйіп кетпес үшін араластырып, қажет болса, бір ожау сорпа қосып, бұқтырыңыз. Жартылай піскен көкөністерді ет сорпасына қосыңыз. Енді туралған қырыққабаты салып, картоп қосуға болады. Картопты борщ піскенге 15 минут қалғанда қосу керек. Дайын борщты орта кеселерге құйып, үстіне қалаған аскөк турап, қаймақ немесе майонез қосып сервис жасаңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Сорпалар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

One Response to әпкемнің борщы

  1. Aina meken айтады:

    Бұрын осыны мамам жасайтын еді. Қызылшасы пайдалы деп. осыдан екі ай бұрын ба, мен де жасадым. Жақсы сорпа!!! Дәмді әрі пайдалы ))) АРБ әпкелерге + алтын аруға!!! )))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s