алмалы-сүзбелі бәліш

Бүгін салқын тиіп қалғаным «арқасында» алынған day-off, аспаздыққа жаңа бір рецепт қосуға таптырмас мүмкіндік ретінде қарастырылды. Шұғыл сараптама нәтижесінде әр жәрмеңкеде +5 бағасын алатын аты шулы (дәмі-шулы деп оқыңыз) сүзбелі бәлішті жасап көруге шешім алынды. Дереу Ш. Нұргүлге смс жолдап рецепт сұрап алынды да, сәл өзгертіп (сүзбе мөлшерін азайтып, алма қосып т.с.с) төмендегідей бәліш пісірілді. Барша жағынан бәліштің дәмділігі толықтай мойындалды!

– 500 гр сүзбе
– толтырмай 1 стакан қант
– 1 алма
– 3 жұмыртқа

– 1 стакандай ұн
– 100 гр сары май
– 50 гр қант пудрасы
– 0,5 ш.қ. разрыхлитель

Жұмсарған майды ұн + разрыхлитель + қант пудрасын араластырыңыз. Қолға жабыспайтын жұмсақ қамыр шығуы керек. Бір ыдыста сүзбе + қант + жұмыртқаларды араластырыңыз. Алманы аршып, төртбұрыштап тураңыз. Форманы майлап, түбіне қамырды қойып тегістеңіз. Осы кезде қамырдың барлығын қолдансаңыз болады, немесе мен сияқты, бір бөлігін үстін сәндеу үшін қалдырсаңыз да болады (бәліштің ең үстіне қамырдан гүл формасын жасап сәндеуге). Енді сүзбелі қоспаны қамырдың үстіне төгіп тегістеңіз. Алмаларды қант пудрасына малып, сүзбелі қоспаның ішіне қойып шығыңыз (кей алмалар өз ауырлығымен батуы мүмкін, еш қам жемеңіз – толығымен түбіне түсіп қалмайды). Енді алдын ала қыздырылған духовкаңызды 180С қойып, бәлішті 40-50 минуттай пісіріңіз. (мен бәліштің піскенін үстіндегі қызара бастаған «гүлге» қарап тұрдым). Жақсылап суытып алып ғана формадан шығарыңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Тәтті бәліштер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s