Monthly Archives: Қараша 2009

жұлдызбен сырласу

Аспаздыққа деген қызығушылығымды біліп үйдегілер қонаққа барып қызықты бірнәрсе жеп келсе міндетті түрде оның рецептін сұрап келеді немесе бір газет журналдардың аспаздық айдары болатын болса оны әдемілеп мен үшін сақтап қояды ;) «Жұлдызбен сырласу» журналының 29/11/2009 №5 саны маған солай … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: *** | 7 пікір

құрбандық қой

Қандай күшті – ертең Құрбан Айт! Биыл айтты ерекше шыдамсыздықпен күтіп жүрмін! Нағыз мерекелік көңіл-күй мен мерекелік дайындықпен ;) Айт мерекесін ылайықты түрде өткізуді нәсіп қылсын инш. Бүгін Айт күні шалынатын құрбандыққа қосымша ретінде төмендегідей тәтті «қойды» пісіруді ұсынамын. Айттарыңыз … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Тәтті бәліштер | 1 пікір

екі түрлі қырыққабат салаты

Бүгін таксиде Л. Долинаның өлеңін тыңдап келдім. Сондағы өлең жолдарында «хочу быть любимой и необходимой» дейді. Керекті болу кімнің болсын арманы. Қоғамға, қызметіне, отбасына. Жұмысқа келсем, мен үлес қосқан үлкен екі жобаның нәтижелері белгілі болған екен. Жасалынған жұмыс компаниямыз үшін … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезсіз) | Пікір қалдыру

гүл-гүл жайна

Дағдылы аудармашы болса да, ол – басқа тілдегі блогтарды оқуға таптырмас мүмкіндік берді. Енді қытай, жапон, украин немесе серб тілінде де блогтарды оқи алатын болдым. Соның арқасында ғана рецепт қобдишам Minjina-ның дәмді тоқаштарымен толықты. – 300 гр ұн – 120 … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ұн тағамдары | 2 пікір

болоньез соусты спагетти

Кеше Асыл Арнадан «балаларға базарлық» форматында 5-6 жасар балалар үшін діни сабақ болып жатыр екен. Орыс тілінде. Балалар көрпешелердің үстінде сабаққа зейін қойып отыр (сценарий бойынша). Бірақ та бүлдіршін «тыныш отыр» дегенге қашанға шыдасын – әрең отырғандары көрініп тұрды. Мұғалім … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары | Пікір қалдыру

кокос талшығынан печенье

Қандай да болсын печенье жасауда мен байқаған негізгі мәселелер: қолданатын заттардың барлығы бөлме температурасында болуы тиіс, қант орнына қант пудрасын қолданған жақсы (печенье жұмсақ болып піседі), мүмкіндігінше сары май қолдану керек, печеньенің қытырлақтығы үшін – аздап крахмал қосып қойған жақсы, … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Печенье | 4 пікір

сүзбелі маффиндер

Сырты қара, іші ақ. Адамға ұқсайды. Сыртынан сүйкімсіз, тұйық, мінезі жаман, ашулы болып көрінгенімен, ішінен сұлу әрі «аппақ». Адамның мың жерден кемшілігі, ондаған жаман әдеті болса да, әркімнің өзіне тән ішкі сұлулығы бар. барына сенемін. Бір жаманы – көп адам … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру

қызыл қырыққабат пен сәбіз салаты

Жеңіл әрі пайдалы салат. Жасап жатқан кезде екі нәрсеге көңіл аударыңыз: қырыққабат бояуы қолыңызға сіңіп кетпеуі үшін, қолға «перчатки» немесе пакет киіп жасаңыз; қырыққабатты турап болған соң тұздап 10-15 минутқа қойып қою маңызды. Қырыққабаттың суы шығуы керек. Ал енді салаттың … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезсіз) | Пікір қалдыру

ірімшікті кәді тілімдері

Вегетериандық нұсқасын жасап болған соң «қасына тағы майда котлеттерден жасағанымда ғой» деген ой келді. Ет па, картоп па бір нәрсесі жетіспей тұрғандай болды маған. Әрине көкөністен жасалынатын тағам үшін жаман емес + әрі өте тез (жасалынады) + әрі аз шығынды. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары | Пікір қалдыру

«апрель» енді Атакентте!

Сүйінші! Жылдың басында сүйіншілеп хабарлаған Апрель наубайхананың екінші дүкені көп күттірмей Атакенттен ашылды! (Әуезов көшесімен Атакент жаққа көтерілгенде Темирязев көшесіне жетпей, оң жағыңызда тұрады) Жұмыс уақыты: таңғы 8-ден кешкі 10-ға дейін! Іші кең, әдемі – тағамдары дәмді! Келіңіздер! Келіп, торт … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: *** | Пікір қалдыру

… деген екенмін

 Бақытнұр табыстаған эстафетаны уақытылы жалғастырмай қалғаным үшін айыптымын. Ештен кеш жақсы деп, бүгін мен де кей ассоциацияларыммен бөлісейін. 2-3 жылдан кейін де осылай ойлар ме екем? Өмір – лимон Уақыт – су Отбасы – нан Ақша–тұз Достар–қант Жұмыс – кофе … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: *** | 3 пікір

апельсинді кекс

Кездескенімізде тілім «қышып» по-чёрному қалжындасатыным, сондықтан болар үйіне бара қалсам үнемі маған ыдыс жуғызатын, көп әрі тез сөйлейтін бір құрбым бар. Есімі – Шенгүл Қ. Пысық дегенде өте пысық! Үйіндегі гүл бақшасын былай қой, көктемде жолдасының офисі жақта небір көкөністерді … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі | 2 пікір

алмалы-сүзбелі бәліш

Бүгін салқын тиіп қалғаным «арқасында» алынған day-off, аспаздыққа жаңа бір рецепт қосуға таптырмас мүмкіндік ретінде қарастырылды. Шұғыл сараптама нәтижесінде әр жәрмеңкеде +5 бағасын алатын аты шулы (дәмі-шулы деп оқыңыз) сүзбелі бәлішті жасап көруге шешім алынды. Дереу Ш. Нұргүлге смс жолдап … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Тәтті бәліштер | Пікір қалдыру

әпкемнің борщы

Өткен апта әпкем мен жиендерім үйге қыдырып келген болатын. Сонда әпкем дәмді борщ пен вегетериандық орама нан жасаған еді. Өте ұнады. Қолдары дерт көрмесін. Орама нанның суретін түсіріп үлгермесем де, борщтың суреті мен рецептін көп кешіктірмей беріп тұрмын. Әпкемнің айтуы … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Сорпалар | 1 пікір