gozleme

Gozleme (гөзлеме) түрік ас үйіне тиесілі. Негізінде арнайы сач табаны керек етеді. Бірақ кәдімгі табада пісіруге де болады. Ыстық гөзлеменің қасына қолдың айраны жақсы болады. Атамекенінде гөзлеме таңғы асқа ұсынылғанымен, менің ойымша түстен кейінгі ас ретінде (ор. полдник) жақсы.

– 2 стакан ұн
– жарты пакет құрғақ ашытқы
– 1 шәй қасық тұз
– жылы су

– 250 гр фарш
– 2 пияз
– 2 жартылай ащщы бұрыш
– сұйық май
– тұз / қара бұрыш
– сары май

Ұнды елеп, ортасын ашып ішіне ашытқыны және тұзды қойыңыз. Енді аз аздан жылы су қосып тұрып, қамыр илеңіз. Үстін жауып бөлек жерге қойыңыз. Пияздарды аршып, майдалап тураңыз. Фаршпен бірге сұйық майға қуырыңыз. Тұздып, бұрыштаңыз. Майдалап туралған бұрыштарды қосыңыз. Бәрін тағы сәл қуырып алған соң, астын өшіріңіз. Қамырды 8-ге бөліңіз. Әрбір зуаланы жұқалап жайыңыз. 18-20 см диаметрінде шығуы керек. Енді, қамырдың бір жағына ет қойып, екінші жағын еттің үстіне жауып қойыңыз. Шеттерін бастырып, майсыз табаға қойып екі жағын ауыстырып пісіріңіз. Таба жақсылап қызып тұру керек. Екі жағы қызарған гөзлеменің үстіне ыстықтай күйінде сары май жағыңыз. Қалған 7 зуаланы да осылай жасаңыз. Ас болсын!

рецепт www.portakalagaci.com сайтынан алынған.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ұн тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s