ірімшік қосылған суши

Соңғы 2-3 аптам өте қарбалас болып кетті. Жұмыста бір жобадан кейін үзіліссіз келетін басқа жобалар тізбегі! Осындай болғаны ұнайды да – апта соңы кәдімгідей қара жұмыс істегендей жұманың жеткеніне қуанып, шаршап құлайсың. Сенбі таңертеңгіге дейін. Негізі бұрындары да сенбі-жексенбілерімді максимумға жоспарлайтындардан саналатынмын. Бірақ соңғы аптасоңыларым (weekends) да ерекше busy болып кетті. шүкір.

Себептерден кейбіреуі: «заочно» дос болған құрбыммен жүздесуім + ойламаған жерден ақылды бүлдіршінге кіндік «мама» атануым + 17 жылдық досым Гүлжанаттың үйлену тойына баруым! Осы жақсылықтарға тағы жиендерімнің бір-апталық демалыс деп қыдырып келуін қос. Қысқасы, аспаздықтың жетімсіреп қалуына себеп жетерлік ;)

Жиен демекші, кеше 3 жасар Айшамызбен суши жасадық. Айшаны сүйікті «Даша-путешественница» мультигінен алдап әкетудің амалы. Сушиді: қызыл балық + ірімшік + қияр қосып орадық. Айшаның асты әзірлеу процессіне ортақ болғанына қызыққаның көрсең ғой! Маш. Өкініштісі – арамызда Айша ғана суши ұнатпайтын болып шықты ;(

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Балық тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to ірімшік қосылған суши

  1. Aliya айтады:

    suwidi tek kiyarmen jasagnda damdi boladi eken…….

  2. Эльвира айтады:

    мүмкін. қияр сушидің дәстүрлі қоспасы ғой. дегенмен, әркімге әрқалай болар. мысалға маған тұрыппен жасалынғаны, жұмыртқамен оралғаны да ұнайды. талғамға қарай болса керек.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s