кілегейге піскен балық

Төмендегіні балық пісірудің ең оңай жолы десем болады. Тез әрі оңай жасалынумен қатар өте дәмді. Балық «нежный» және өз майында пісірілгені үшін пайдалы болып піседі. Рецептті жұмыстағы Диляра есімді қыздан алғанмын. Бөлек табада қуырылған пияз және басқа көкөністермен қосып жасауға да болады.

– жарты кг ақсерке балығы
– 10% кілегей
– ірі қызыл бұрыш
– аздап қана тұз

Ақсеркені бөлшектеп, майсыз (!) табаға қойып, алдыменен бір жағын көп дегенде 2-3 минут қана пісіріңіз. Екінші бетіне ауыстырып, аздап тұздаңыз да, 1 стакан кілегей құйып бұқтырыңыз. Кілегей балықтың үлкен бөлігін жауып тұруы керек. Қалауыңыз бойынша қызыл бұрыш сеуіп қойыңыз. Егер соуспен пісіргіңіз келсе онда кілегей қоюлана бастаған кезде астын өшіріп қойыңыз. Мен кілегей толығымен балыққа сіңгенге дейін пісірдім. Өте дәмді!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Балық тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s