картоп салаты

Мен аса қатты ұнататын салаттардың бірі! Жақсы жасалынса әрі салат әрі негізгі тамақ ретінде жарай беретін тағам. Картоптан жасалынғаны үшін өте тойымды. Сумак ұнтағы салатқа әдемі қышқылдау бір дәм берді. Сумакты 3% уксуспен алмастыруға болады.

– 5 ірі картоп
– ақжелек
– аскөк
– ірі қызыл бұрыш
– сумак
– жарты лимон суы
– зәйтун майы
– 1 кіші пияз
– 1 жартылай ащы бұрыш
– 1 орта қызанақ

Картоптарды қабығымен тұзды суда пісіріңіз. Осы кезде аскөк, ақжелекті майдалап тураңыз. Пиязды майдалап турап, сумакпен бірге араластырып қойыңыз. Бұрышты да майдалап тураңыз. Піскен картоптарды аршып, ірілеп тураңыз. Қалған заттарға қосып, майдалап туралған қызанақпен бірге араластырыңыз. Соус жасап қосыңыз. Ол үшін бір кеседе қызыл бұрыш пен аздап тұзды (картоп тұзды суда піскені үшін) лимон суымен араластырыңыз. Ең соныңда зәйтун майын қосып, дайын соусты салатқа құйыңыз. Араластырып сервис жасасаңыз болады. Бірақ 1-2 сағатқа тоңазытқышқа қойып сервис жасасаңыз, соус жақсылап сіңіп, салаттың дәмі ұлғая түседі.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезсіз). Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s