какао қосылған кекс + Top Chef competition

УАУ! Не жазарымды білмей отырмын! Күллі «Орталық Азияның ең үздік аспазшысы» атауына лайық болатындай асып-тасып бара жатқан ешбір өнеріміз жоқ, оның үстіне.. бәріне «кінәлі» – Асхат! :) неге десең..

Байқау туралы Асхаттан естідім. Асхаттың қазақ блоггерлер үшін жасаған үлкен қызметтер жайлы естіп/көріп жүрміз, содан болар, оның «neweurasia байқауына қатысасың ба/жарысқа қатыса алатын таныстарыңа айтасың ба» дегеніне «неге болмасын!» деп бірден келісе салған екенмін. Ертеңіне ғой қалай көне салғанымды түсіне алмай ондаған сұрақтарға жауап таппай отырдым да қалдым :) Мойныма алған жауапкершіліктен гөрі, neweurasia қазақ бетінің редакторы Асхатты ұятқа қалдырам ба деген қорқу басымдырақ болған сияқты :) Соның өзінде әне-міне деп жүріп, байқауға берілген уақыттың жартысын Астанада жүріп алдым. Байқаудың бітуіне 1,5 апта қалғанда ғана (қазақпыз ғой) жанталастық. (мүмкіндікті пайдаланып, сол кезде қолдау көрсеткен дос қыздарыма үлкен алғысымды білдіремін!).

Өзіме байқау қызық challenge болды! Байқаудың нәтижелері белгілі болғанда балаша қуандым. Аспаздық сияқты бір қарағанда «түкке тұрмайтын» нәрседе болса да, жеңімпаз болу ерекше бір сезім!! Осы сезімді «таттырған» Асхат ініме дұғай сәлем! Сен болмасаң.. :)

Жеңісімді төмендегідей какао қосылған дәмді кекспен «жудым» деп білгейсіздер ;)

– 3 жұмыртқа
– 1 стакан сүт
– жарты стакан сұйық май
– 100 гр ерітілген сары май
– 1 толған стакан қант
– 3 ас қасық какао
– 1 толған шәй қасық разрыхлитель
– 1 (1,5) стакан ұн

Жұмыртқаларды алдыменен жеке өздерін жақсылап миксерлеңіз. Енді қант қосып, ол толық ерігенге дейін миксердің қатты жылдамдығында араластырыңыз. Майларды қосыңыз. Жылы сүт пен какао қосып араластырыңыз да, енді осы қоспадан жарты стакан бөліп қойыңыз. Қалғанына ұн мен разрыхлитель қосыңыз. Бұл жолы көп араластырудың қажеті жоқ. Асты майланған ыдысқа құйып, 200С ыстық духовкада пісіріңіз. Піскен ыстық кексттің бетіне бөліп қойған жарты стакан сүт қоспасынан қасықтап жағып шығыңыз. Өте дәмді. Ас болсын!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: ***, кекстер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

7 Responses to какао қосылған кекс + Top Chef competition

  1. Moldir айтады:

    Салеметсиз бе Эльвира!
    Сизге ен алдымен улкен рахмет айткым келеди осындай казак тилинде блогтын болуына ат салысып жургенинизге. Рецепттерди орыс тилинен караган бир баска, казак тилинен караган мулде баскаша екен. yani çok sevindim :)
    Тек айтарым Сиз колданатын стаканнын граммы неще? аспаздык жагынан онша билебермегендиктен жалпы стандарт бойынша да канша граммдык болатынын билмеймин.
    тагы бир сурак осы какао косылган кекс духовкада канша уакыт туру керек? туси коныр болгандыктан писип писпегенин аныктау киын болатын сиякты.
    Сизге алдын-ала рахмет! :)

    • elvira айтады:

      саған да рахмет, Мөлдір! мен қолданатын стакан өлшемі 200 гр. ал какао қосылған кекстті шамамен 40 минуттай пісіремін, пісті-ау деген кезде жайлап есігін ашып пышақпен немесе шыбықпен тесіп көрсең болады. егер құрғақ болып шықса – піскені. Жиі кіріп тұр!

  2. Dilnura айтады:

    Salemetsizbe Elvira! Bul jazganiniz magan ote unadi! biraq muni qalay skachat qilip
    yagni juktep aluin bilmey otirmin

  3. Dilnura айтады:

    oni qalay qiladi?

    • elvira айтады:

      көшіргіңіз келген текстке барып, мышканың сол жағына басып тұрып керегіңізді таңдайсыз (текст көк түске боялады). Сосын жоғары жақтағы панельде Правка / Edit дегенге барып копировать / copy дегенді таңдайсыз. Вордтан документ ашасыз да, Правка / Edit деген жерден вставить / paste дегенді таңдайсыз. Болды – текст көшірілді.

      Әлі де түсініксіз болса – мына жақтаң қарап көріңіз http://docs.kde.org/stable/ru/koffice/kword/clipboard.html

      ол да болмаса, қасыңыздағылардан сұрап көріңіз. Көрсетіп түсіндірмесе болмайды.

  4. Dilnura айтады:

    Sizge ulken Raqmet!!!!!!!!!!!!!!!!!!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s