фаршталған кәділер

Фаршталған кәділердің басқа атауы да «карниярык» (түрк.) Жасалынуы машақатты көрінгенімен, тағамды 20-ақ минутта (+40 минут духовкада) жасауға болады.

– 4 кәді
– 500 гр майсыз фарш
– 1 үлкен пияз
– қалауыңызша: сәбіз, болгар бұрышы
– 2 үлкен қызанақ
– 1 түйір сарымсақ
– 2 ас қасық томат
– 1,5 стакан қайнаған су

Кәділерді аласа аршып, екіге бөліңіз. Аз майланған табада кәділердің екі бетін қызартыңыз. Іші жұмсаған кезде, қағаз майлыққа түсіріп алыңыз. Енді табаға майдалап туралған пияз бен фаршты қуырып алыңыз. Қызанақтарды қайнаған суда 2-3 минут ұстап, қабығын аршыңыз. Майдалап туралған сарымсақпен араластырыңыз. Кәділерді пісіретін ыдысыңызға тізіп, ортасын шаңышқымен ашыңыз. Ортасына дайын фарш пен қызанақ қоспасын қойыңыз. Енді, 1,5 стакан қайнаған суда 2 қасық томат ерітіп, кәділердің үстіне құйыңыз да, 220С ыстық духовкада су азайғанға дейін пісіріңіз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ет тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s