Жұлдыздың торты

Жұлдыздың қызды болғанын естіп қуанғанымызға тура 11 ай болған екен. Күн сайын «қашан шақырасын» деп құлағының етін жеп бітірген бізге, Нұрила сұлумыздың тұсауын кестірейін деп басымызды қосқан Жүкеге үлкен рахмет :). Нұриланың анасы, маш., керемет дастархан жайып қарсы алды. Бәрін айт та, бірін айт – жасаған торттың дәмі енді бір ерекше! Рецептін лезде сұрап алдым..

Жаңа рецепт жазып алу үшін қалам/қағаз іздеп қалатынымыз болады емес пе? Қазір ұялы телефон деген жақсы болды – «рецептін айтағойш» дейсің де камера қосып, аспаздың бірде бір сөзін жібермей жазып аласың ;) кейін жазғаныңды қосасың да, асықпай жасайсын – жанның рахаты ;) (студент кезімізде лекцияларды диктафонға жазып, түнімен оларды қағазға түсіргенім басқа әңгіме). Негізі, видео/аудио файлдарды блогспотқа жүктеудің әдісін үйреніп алсам, рецептті термей-ақ, жазылған күйінше (әрине аспаздың рұқсатымен) іле салар едім..

– 3 жұмыртқа
– 1,5 стакан қант
– 2 стакан қаймақ
– 0,5 шәй қасық сода
– пышақтың ұшымен тұз

крем:
– 2 жұмыртқа
– 1 стакан қант
– 50 гр қайнаған сүт (стаканның түбінде ғана)
– 200 гр сары май

– жаңғақ
– шоколад

Жұмыртқаларды қантпен әбден жақсылап араластырасыз. Екі стакан жылы қаймақ қосыңыз. Соданы қайнаған суға күйдіріп (ор.гасить), тұзбен бірге қосып араластырыңыз. Майланған формаға құйыңыз. Ортасын шұңқыр жасап пісіргіңіз келсе, ортасына барлық жағынан майланған стакан қойып пісіріңіз. Піскен тортты сәл суытып, ортасынан екіге бөліп кесіңіз. Крем үшін:Жұмыртқа мен қантты жақсылап араластырып, стаканның түбімен қайнаған сүт құйып баяу отқа қойып, қоюланғанға дейін 10 минуттай пісіріңіз. Сары май қосып араластырыңыз. Дайын кремді алдыменен торттың арасына, сосын үстіне жағыңыз. Қалауыңыз бойынша жаңғақ + шоколад ұнтағымен сәндеңіз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі, Торттар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

8 Responses to Жұлдыздың торты

  1. Жан айтады:

    Кешірініз Абла бірақ ұнды жазуды умытпадыныз ба?

    • elvira айтады:

      расында да ұмытып кеткен екенмін. айтқаның жақсы болды. шамамен 2 стакан ұн болуы керек. Аңығын Жұлдыздан сұрайын.

  2. Жулдыз Әбділда айтады:

    Эля сұрамай тұрып, өзім жаза салайын))) Ұнды көз мөлшерімен қосасыз, қою қаймақ секілді болғанша…

  3. Жансая айтады:

    Татти торт екен!Дами аузымда калды!

    • elvira айтады:

      сен мен танитын «торттар ханшайымы» Жансаясың ба? =) иә болса, дәмді торттарыңмен бөлісуіңді сұраймын. суретке түсіріп жіберсең тіпті қатып кетер еді!

  4. Айана айтады:

    Салем достар!Мен сендерден шокаладты торттың қалай жасалуын сұрамақшы едім.Ол қалай жасалады.

    • elvira айтады:

      Аспаздықта «ең оңай шоколадты кекс» дегенді жасап көріңіз. бәрінің көңілінен шығатын рецепт

Leave a reply to elvira Жауап беруден бас тарту