Айттарыңыз қабыл болсын, достар! Асыға күтіп қауышқан айт жанұяларымызға, барша адамзатқа бақ-береке әкелсін, амандық пен татулықта жылдан-жылға, айттан айтқа жете берейік!
Мектеп кезімізде ораза айтты ерекше, балаша күтетінбіз. Әрине әлі де асыға күтеміз, бірақ ол кездері бәрі басқаша болатын. Ол кездері – рамазанның соңғы күнінен ертеңіне айттап баратын үйлердің тізімін жасап, елдер айт намазынан қайтып жатқанда, біз жорыққа шыққандай таныс/туыс/жора/жолдастардың үйлеріне айттап шығатынбыз ;). Тіптен, сол мерекелік көңіл күйден шыққан азарт әсерімен, кім ең көп үйге айттап шығады деп бәсекелесетінімізді айтсаңшы ;) Әлі есімде, рекордым – 11 үй болатын!
Мерекелік айтта кәмпиттеріңіз дайын болсын – өз қолыңызбен жасалынған болса тіптен жақсы! Жоғарыдағы кәмпиттер балалық шағымызда «петушок», «жүрек» формасында көптеп сатылатын. Қазір ондай формаларды табу қиын сияқты. Интернеттен формаларға альтернатива ретінде пластмас қасық қолдануға болатынын оқыдым. Экспиремент нәтижесі қызық болды. Ең бастысы – кәмпиттерді жасау түк машақатты емес екен. Онысы қатты ұнады. Сонымен керек заттар: 1 стакан қант пен 3 қасық су. Қантты кішкентай қазаншық ішінде күйдіріп алып, су қосыңыз да, өте жәй отта қоспа қоюланғанға дейін қайнатыңыз. Сәл суытып, аздап майланған (кәмпиттер жақсы алынуы үшін) қасықтарға толтырып құйып шығыңыз. Кәмпиттер қатқан кезде, қасықтан түсіріп алыңыз.
alakai kampitti jasai almai jur edm sizge raxmet
мен әлі де жақсы рецептті іздеу үстіндемін.
иа мен де