«Тәп-тәтті» наубайханасы!

Астаналықтар мен әсем Астанамыздың қонақтары! «Тәп-тәтті» наубайхана жайлы естіп пе едіңдер? Астананың «Евразия» жағында, Петрова-25 адресінде орналасқан керемет наубайхана/шәйхана! (наубайхана = пекарня). Ып-ыстық нан, жұп-жұмсақ бөлішке мен түрлі печенье мен бәліштер.. ең бастысы Астананың көп жерінен табыла бермейтін халал тағам іздер болсаңыз – тіке Тәп-тәттіге барыңыз! Барлығын сол жерден табасыз. Бардым. Көрдім. Ұнаттым.

Тәп-тәтті әкімшілігі Рамазан айы бойы су арзанға (700тг) комплекс ауызашар беріп жүр(ді). Тамақтың бәрі үйдікіндей дәмді, порциялары үлкен-үлкен. (Студенттердің құлағына алтын сырға). Рамазанның соңғы күндері «тәп-тәттіге» соғып – ифтар жасауға, алдымыздағы Ораза айт үшін дастархандарыңызға түрлі десерт алуға асық болыңыз!

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: ***. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

4 Responses to «Тәп-тәтті» наубайханасы!

  1. karakyz айтады:

    Осы жазбаңызды бір жыл бұрын оқып, коммент қалдыра алмай кетіп едім (блогспотта коммент тастау қиын екен), енді жолым түсіп отыр:)…

    Тәп-тәттіні ашылған кездерінен білемін (жатақханамыз сол жерге жақын болатын), кіре берісінен бастап, сатушыларына дейін жағымды әсер қалдыратын! (көптен бері ол жаққа бармадым) Өнімдері де көңіл қуантарлық. Сабақтан келе жатып соққанда кешке шейін көбі таусылып қалатын еді :)).

    • elvira айтады:

      ұмытпай жазып кеткеніне рахмет. Біреу болмаса біреу оқып, қызығып барып қалар Тәп-тәттіге. Жақсы жерлерге көп адамның барғаны жақсы ғой.

  2. Ақтауда осыған ұқсас халал наубайхана бар, «Ақтау тәттісі» деп аталады. Бәлкім, филиалдары болар?..

    • elvira айтады:

      Білуімше «тәп-тәтті» наубайханының Астанада ғана екі дүкені бар. Басқа қалаларда жоқ сияқты.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s