аскөк қосылған печенье

Егер үйдегілеріңіз печеньенің тек «тәттісін» білетін болса, онда төмендегі печеньелерді міндетті түрде жасап көруіңіз керек. Стереотипті бұзып дегендей :) Мен солай істедім..енді печенье жасаған сайын папам дәмін көрмес бұрын – «тұзды ма / тәтті ма?» деп сұрайтын болды ;)) Өзіме печеньенің дәмі ұнады. Үйдегілерге де ұнайды..тағы 2-3 рет жасап жегізсем :)

– 3 үлкен картоп
– 200 гр сары май
– 1 жұмыртқа (сарысы үстіне)
– 0,5 ш.қ. тұз
– разрыхлитель
– ұн

– 100 гр ірімшік
– 1 кесе майдалап туралған аскөк
– қызыл бұрыш
– кунжут

Картоптарды пісіріп алыңыз. Сары майды ерітіп, картоппен араластырыңыз. Жұмыртқа ағын құйып, ірімшік қосып, тұздаңыз. Ұн мен разрыхлитель қосып, жұмсақ қамыр илеңіз. Енді қамырға майдалап туралған аскөк пен қызыл бұрыш қосыңыз. Қалаған форма беріп, үстіне жұмыртқа сарысын жағып, кунжут сеуіп 180-200С ыстық духовкада пісіріңіз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Печенье. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s