сәбіз бен жаңғақ қосылған кекс

Рецептті Айгүл Ү. (Айдостан) алған болатынмын. Кексттің ішіндегі сәбіз екеніне адамдардың сенбейтініне дайын болыңыз :) Жеп-жеңіл. Жаңғақпен жақсы үйлесімде. Тағы бірнеше рет жасауға тұрарлық!

– жарты стакан қант
– жарты стакан қант пудрасы
– 3 жұмыртқа
– 100 гр сары май
– жарты ш.қ. разрыхлитель
– 1-1,5 стакан ұн
– 1 үлкен сәбіз
– 5-6 үлкен жаңғақ
– 1 лимон цедрасы
– жарты лимон суы

Қант пен қант пудрасын жұмыртқалармен жақсылап араластырыңыз. 3-5 минуттай. Енді жұмсартылған май қосыңыз. Тағы біраз араластырып, ұн мен разрыхлитель қосыңыз. Енді үккіштен өткізілген сәбізді және майдалап туралған жаңғақты қосыңыз. Жаңғақтарды аздап ұндасаңыз піскен кезде кекстің түбіне түсіп кетпейді. Ең сонында лимон цедрасы мен лимон суын қосып араластырыңыз. Кекс қамырын сопақ формаға құйып алдын ала қыздырылған 200С духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: кекстер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

One Response to сәбіз бен жаңғақ қосылған кекс

  1. aisha айтады:

    сделала этот кекс, только использовала пудру с корицей и вместо орехов изюм добавила, всем понравилось :) рахмет за рецепт

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s