көкөністі күріш

Ризоттоның алыс туысқаны; көкөністі болғаны туыстығын көрсетсе, көкөністердің буға емес майға пісірілгені алыстығының белгісі. Алматының Сити Центрдағы ризоттосына (сол атпен сатылатын көкөністі күрішке) ұқсатып жасадым. Жүгері жоқтығын санамағанда – сол жақтағы «ризоттоның» дәл өзі! Бірақ ол өтірік ризотто.

– 1 стакан күріш
– 1 сәбіз
– 1 көк болгар бұрышы
– су немесе еттің сорпасы

Күрішті тазалап жуып, жылы суға жібітіп қойыңыз. Сол уақытта сәбіз бен бұрышты аршып/тазалап, майдалап тураңыз. Енді табаға 1-2 ас қасық май қыздырып, алдыменен пиязды, сосын бұрышты қуырыңыз. Күріштің суын төгіп, табаға төгіңіз. Көкөністермен араластырып аздап қуырыңыз. 1 шәй қасық тұз қосыңыз. Енді күріштің бетін 1 см-дей жауып тұратындай етіп қайнаған су (еттің сорпасын) қосып бір рет қайнатыңыз. Қайнаған кезде астын басып, ең жай отта үстін жауып 10 минуттай пісіріңіз. Астын өшіріңіз. Бетін ашпай тағы 5-7 минуттай бұқтырыңыз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Гарнир мен соустар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s