көкөністі макарондар

Тез әрі оңай жасалынатын тағы бір тамақтың түрі – көкөністі макарондар! «пользуясь случаем» бұрындары жасалынған ірімшік қосылған макарондар, асқабақ қосылған макарондар, дәмді макарон пісірмесі мен флотша макарондарды естеріңізге салуға рұқсат етіңіз ;) Астарыңыз дәмді болсын!

– 1 пакет Сұлтан макарондары
– 300 гр ет
– 1 пияз
– 1 ірі сәбіз
– 1 үлкен кәді
– 2 болгар бұрышы
– 1 түйір сарымсақ
– соя соусы
– тұз / қызыл бұрыш
– 150 гр ірімшік

Таба ішінде майды қыздырып, етті қуырыңыз. Тұздаңыз. Майдалап туралған пияз бен ұзынша туралған сәбізді қосып қуырыңыз. Майдаланған сарымсақ қосыңыз. Кәділерді де аршып ұзынша тураңыз. Ары қарай қуырыңыз. Болгар бұрышты да аршып, ірілеп тураңыз. Бұрыштарды да қосып сәл қуырған сон, қалауыңыз бойынша соя соусын қосып, астын басып бұқтырыңыз. Бөлек ыдыста макарондарды тұзды суда пісіріңіз. Артық суды төгіп, макарондарды 1 ас қасық зәйтун маймен араластырыңыз.
Сәл суытып үккіштен өткізілген ірімшікпен араластырыңыз. Қалауыңыз бойынша макарондарды етпен араластырып немесе араластырмай сервис жасаңыз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ыстық тамақ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s