жеңіл чизкейк

Әуелі төмендегі чизкейктің рецептін жіберген шұғылтамақтың авторына үлкен алғысымды білдіремін! Рецепт жеңіл, ал чизкейктің дәмі болса – бір сөзбен айтқанда – керемет! «өлгенский» болды! :)

Рецептте дайын чизкейктің үстін қалауыңыз бойынша шоколад немесе жемістермен сәндеуге болады денілген. Бірақ маған еш қосымшасыз оның қарапайым түрі ұнайды. А, сосын – ерітілген ірімшікті дұрыс алмаппын. Ірімшіктің кілегей сияқтысны жақсы. Сонымен, шағын ғана өзгерістерім тысында рецепт төмендегідей:

  • 200 гр печенье
  • 100 гр сары май
  • 400 гр ерітілген ірімшік (плавленный сыр)
  • 300 гр 9%-тік сүзбе
  • 10 ас қасық қант
  • 3 жұмыртқа
  • 200 гр қаймақ

Алдыменен печеньені пакетке қойып, оқтаумен ұнтақтаңыз. Блендерге қойып үгітсеңіз да болады. Енді печеньеге еріген май қосыңыз.

Май мен печеньені жақсылап араластырыңыз. Енді шыққан қоспаны үсті алмалы формаға қойып, тығыздаңыз. Форманы тоңазытқыщқа қойыңыз.

Бөлек ыдыста ерітілген ірімшік, сүзбе мен 10 ас қасық қантты миксерлеңіз. Қант ыдыстың түбінде қалмай толығымен еруі керек.

Енді кезек кезегімен жұмыртқаларды қосыңыз. Әр жұмыртқадан кейін миксердің орта жылдамдығымен араластыруды ұмытпаңыз.

200 гр қаймақ қосып, араластырыңыз. Бұл жолы ұзақ араластырудың қажеті жоқ. 1-2 минут қана қасықпен араластырсаңыз жетеді.

Печенье қоспаның үстіне сүзбе қоспасын төгіп салыңыз. Алдын ала қыздырылған духовкада 60-70 минуттай пісіріңіз.

Менікі 60 минутта пісті. Духовкадан шығарып суытыңыз. Суыған чизкейктің үстін жауып, 4-5 сағатқа тоңазытқышқа қойыңыз. Содан кейін ғана формадан шығарып, сервис жасаңыз. Ас болсын!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Мастер-класс, Торттар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

One Response to жеңіл чизкейк

  1. Aysha-Gulnur айтады:

    Keremet :) Kop jasaitin mazirlerdin biri. Birak mende ali eshkashan «ak» cheesecake shikkan emes, dal sizdikindei isteim birak betinde konir karamel’ siyakti bolip bisedi.
    p.s betinde «treshina» bolmaui ushin, duhovkadanin srazu almay, esigin sal aship koyip, sodan keyin shigaru kerek.
    p.p.s «president» tvorogi de jaksi, tuirsiz :)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s