тайша тауық

Бұрындары жолдасының ертең келетін қонақтарын кешкісін (ғана) айтатынына ызаланатын құрбым, ораза кезінде жолдасының ауызашарға қонақтармен келетінін үш сағат (!) бұрын айтатынына қуанып жүр. Бұрын «жұмыстан түк қолым босамайды» дейтін құрбыларымның көбі аптасына кем дегенде 4-5 ауызашар беріп жүр. Тіпті, жұмыс кеш бітеді деп ораза кезінде отпуск алып, 2 апта бойы күнде ауызашар беретіндер де бар. Оларға және жұмыстан апыр-топыр жүгіріп келіп, аз уақыт ішінде үлкен дастархан жасап үлгеретіндерге қайран қаламын. Рамазан кезінде жанқиярлық жағынан «жарысқа» түскен аспаздардан және олардың осындай игі амалдарына себепші болған жолдастарынан АРБ!

Төмендегі рецепт тез және дәмді сериясына кіреді. Әсіресе кенеттен (алдын ала хабарсыз) келіп қалған қонақтарыңыз бар болса – жақсы шешім.

– жарты кг тауық еті
– 1 пияз
– 3 көк бұрыш
– 2 қызанақ
– жүгері (талғамға қарай)
– соя соусы

Пияздарды турап майға қуырыңыз. Тауықты бөлшектеп пиязға қосыңыз. Табаның үстін жауып, кем дегенде 10 минуттай жай отта бұқтырыңыз. Қызанақтар мен бұрыштарды ірі турап, етке қосыңыз. 1-2 ас қасық соя соусымен араластырыңыз. Тауық пен қызанақтың суы (толық тартылмай) азайғанға дейін пісіріңіз. Гарнирға күріш пісірсеңіз жақсы.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ыстық тамақ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s