оливье = орыс салаты

Кең байтақ қазақ жерінде тұратын халықтардың тағамдар сериясын орыс халқының (2 млн 950 мың адам) оливьесімен жалғастырмақшымын. Посткеңестік салаттардың ішінде, менің ойымша, оливье ғана мұхит пен теңіздер асып, шетелдіктердің де көңілінен шыға алды. Содан оливьенің «ет салаты», «көкөністі салат» атауларына «орыс салаты» деген атау да қосылды. (Америка, Түркия, Европа елдерінде оливье «орыс салаты» деген атымен танымал).

Кімге сұрасаңыз да, әркім салаттың құрамына кіретін заттарды, оларды қалай турау керектігін т.б. біледі. Өмірі тамақ жасамағандарымыз да білгендерімізді қосып, оливьенің дұрыс-бұрыстылығы жайлы ұзақ-ұзақ әңгімелесе аламыз. Бірақ айтылғандардың бәрін жинақтап қарасаңыз, басқа аз танымал салаттармен салыстырғанда бұл салаттың ондаған варианты бар екенін көресіз. Әркім бұл салатты әрқалай жасайды. Біреу көкөністерді ұсақ турау, майонез қосар алдында тұздау дұрыс десе, тағы біреу ірі турау керек деп майонез қосылса тұздаудың қажеті жоқ деп ақыл айтады.

керек заттар:
– 4 жұмыртқа
– 3 тал сосис
– 1 сәбіз
– 6 орта үлкендікте картоп
– майонез
– көк бұршақ
– 4-5 тұздалған қияр

Біздің үйде оливье төмендегідей жасалынады. Кейде сосис орнына піскен ет турап қосатын болсақ, сәбізді барлық кезде қосамыз. Майонезді аз қосқанды ұнатамыз. Жә, бәрін кезек-кезегімен жазайын.. алдыменен барлық көкөністерді, жүмыртқа мен сосистерді аршымай/ тұздамай пісіріп алыңыз..

Піскен көкөністерді суытып, аршыңыз. Сәбіздің ширек бөлігін салаттың бетін сәндеу үшін бөлек қойыңыз. Бәрін төртбұрыштап тураңыз.
Сосистерді шикілей қоссаңыз да болады, мен алдын ала пісіріп қосамын. Піскен сосистерді + қиярларды төртбұрыштап тураңыз.
Бір тал жұмыртқаны салатты сәндеу үшін бөлек қойып, қалған жұмыртқаларды мүмкіндігінше төртбұрыштап тураңыз.
Кейбіреулер көк бұршақтың суын қосқанды ұнатады. Мен ұнатпаймын. Суды төгіп тастаймын. 4 ас қасық көк бұршақ қосыңыз.
Майонездің түріне қарай салатты кезде аз ғана тұздап, кейде мүлдем тұздамаймын. Майонезбен «ауыр» болады десеңіз, 50/50 қаймақ қосыңыз.
Соңғы этап сәбізден суреттегідей жұлдыздар жасап, жұмыртқаны ширектерге тілімдеп сәндеңіз. Ас болсын!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Мастер-класс. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s