көрші өзбектің дамламасы

Еліміздегі белді этностың бірі – өзбектердің Қазақстандағы саны 440 мың адамға жуық. Ең көп тараған жері Оңтүстік Қазақстан облысы. ОҚО-да өзбектердің саны бүкіл Қазақстандағы санының 90-нан астам пайызын құрайды (шекаралас болғаннан). Өзбек халқы бізге көршілес ел болғандықтан, дәмдес-тұздас болып жиі араласқан жайымыз бар. Уақыт өте олардың ұлттық тағамдары қазақтың ас үйіне сіңісіп кетуі табиғи құбылыс.

Мысалға: самса, шорпа, палау, манты.. тіпті қарап тұрсам, көк шәй ішуді да көршілерден жұқтырғанбыз! Айтқанымдай, көптеген тағамдар екі елге де ортақ болып кеткен. Домляма Дамлама да сол тағамдар қатарында. Біраз жыл бойы Өзбекстанда тұрған Гүлнәр досымның айтуы бойынша «домлама» (омла) – ұстаз деп аударылады, сондықтан «Дамлама» (дамлаш = бұқтыру) деу керек екен. мен оған сенемін ;)

қосқандарым:
– құйрық майы
– жырта кг туралған майлы ет
– 3 тәтіт көк бұрыш
– 3-4 қызанақ
– 4 түйір сарымсақ
– ширек қырыққабат
– 2-3 пияз
– 4-5 картоп
– 1 сәбіз
– тұз

Барлық заттарды ірі тураңыз. Қазанға алдыменен майдалап туралған құйрық майды, оның үстіне ет қойып тұздаңыз да, астын басып пісіріңіз.
Құйрық май ерігенге дейін, еттің үстіне пияздарды және туралған сарымсақты тізіңіз.

Еш араластырмай, пияздардың үстіне туралған сәбіз бен қызанақ қойыңыз.

Енді көк бұрыштарды, содан сон картопты қойып шығыңыз. (картопты қойғандағы суретті түсіруді ұмытып кетіппін). Ен соныңда қырыққабат жапырақтарымен домляманың үстін нықтылап жауып тастаңыз. Қазанның үстін жауып, 1-1,5 сағаттай астын басып пісіріңіз. Сервис жасағанда соңғы этаптан біріншіге қарай қойыңыз. Яғни, алдыменен қырыққабат, оның үстіне картоп тсс.

дамламаны 2 сағаттан аса пісіргендігімнен, мендегісі сәлдеу езіліп кетіпті ;( сіздікі менікінен жақсы болып шығатынына сенемін.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Мастер-класс. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to көрші өзбектің дамламасы

  1. Айша-Гульнур айтады:

    оте дамди, пайдалы жане оп-онай тагам екен! Браво, рахмет! )))

  2. Toni айтады:

    Бизге Озбек халқының амандасуы, салт-дәстүрі керек еді

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s