ұйғырша суйру лағман

Қазақстанды мекендеген ірі этностардың бірі – ұйғыр халқы. Деректерге сүйенер болсақ, Қазақстанға ұйғырлар 19 қасырдың аяғында қоныс аударып, бүгіндері олардың жалпы саны 230 мың адамдай екен. Ұйғыр ұлттық тағамдары қытай және дунган тағамдарына ұқсас келеді. Алуан-түрлігіне қарамастан қазақтың аса ұнатып жейтіні лағман ғана шығар. Басқа этностардікіндей ұйғыр лағманын да қазекең өзіне ыңғайлы етіп өзгертпей қоймады.

Бірақ бүгін мен басқасы емес, Аида А. досымның бақылауымен таза ұйғыр лағманын жасап көргім келді. Машақатты көрінгенімен (қамырды созу), еш қиын емес екен!

керек заттар:
(10 кісілік)
– 1 кг таза ет
– 3-4 қызанақ
– сары, қызыл, жасыл тәтті бұрыш
– жартылай ащы бұрыш
– 5 түйір сарымсақ
– 2 картоп
– 2 пияз
– ширек қырат қырыққабаты
– жанду
– соя соусы
– 2,5 ас қасық томат
– сұйық май
– сельдерей түбірі болса оны да қосыңыз

қамыр үшін:
– 1 жұмыртқа
– 4-4,5 үлкен кесе ұн
– 1 орта кесе жылы су
– 1 толған ас қасық тұз

Бір орта кесе жылы суға 1 толған ас қасық тұз ерітіңіз. Үлкен шұңғыл ыдысқа ұн қойып дайындаңыз.

Ұнның бір шетіне жұмыртқа жарып, тұзды судан қосып қолға жабыспайтын, кеспеден сәл жұмсақтау қамыр илеңіз.

Етті үлкен емес төртбұрыштарға тураңыз. Қырыққабат, картоп, қызанақ, пияз, сарымсақты да төртбұрыштап тураңыз. Джуаны (ұзын жасыл) майдалаңыз.

Қазанда жарты стакан сұйық май қыздырыңыз. Ет салыңыз. Қазанның үстін жауып, ет өз суын толық шығарғанға дейін пісіріңіз.

Ет қуырылып тұрғада, қамырды қолмен тақтайша үстінде тегістеп үстін майлаңыз. Көлдененнен ұзыншалар кесіп қойыңыз. Үстін майлықпен жауып қойсаңыз болады.

Еттің суы тартылғанда, туралған сарымсақ пен қызанақтарды қосып қуырыңыз. 1,5 ас қасық соя соусын қосып тағы 3-4 минуттай пісіріңіз.

Енді, картоп пен тәтті бұрыштардан басқа қалған заттардың түгелін қосып араластырыңыз. Қуырыңыз.

Туралған картоп қосыңыз. Тағы 5 минуттай қуырыңыз.

Тәтті бұрыштарды қосып, артынан 2,5 ас қасық томатпен араластырыңыз.

Тәтті бұрыштар қуырылған сон, подливке қайнаған су құйыңыз. Қазанның үстін жауып, астын басып 15 минуттай қайнатыңыз.

Енді лағманның маңызды жағы – қамыр созу процессі. Туралған қамыр ұзыншаларды қолмен жұқартып суретте көрсетілгендей серпантин ғып ораңыз. Әр серпантиннің үстін майлап тұрыңыз. Осындай бір серпантинен екі порция лағман шығады екен.

Осылай барлық ұзыншалармен жасап шығыңыз. Енді, шетінен алып қолмен одан ары жұқартып созыңыз.

Кастрөлге толтырып су қайнатыңыз. енді.. хмм.. қалай түсіндірсем екен.. Мектеп кезінде «резинка» ойнағаныңыз бар ма? жақсы! енді, қамырды бір бірден алып, сол резинка ұқсап екі қолға орап (суреттегідей) үстілге бір-екі қағып қойыңыз. Нәтижесі сізді де таңқалдырады – дүкендегіден кем түспейтін бірдей қалындықта ұзын қолдың спагеттиі дайын!

Бір-бірден қамырды қайнаған суға салып, қамыр жабысып қалмау үшін тездетіп таяқшалармен арасын ашып қойыңыз. Кастрөлдің бетін жауып пісіріңіз. Қамыр судың бетіне қалқып, су көбіктене бастағанда үстін ашып, ашық күйінде тағы 1 минуттай пісіріңіз.

Қамырды сүзіп алыңыз. Суытып май қосып араластырыңыз. Қамырдың үстіне подливті қойыңыз. Лағман дайын!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Мастер-класс, Ыстық тамақ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

3 Responses to ұйғырша суйру лағман

  1. Кәусар айтады:

    Мамам көптен лағманның рецептісін сұрап жүр еді, тауып бергендерім ұнамайды. Суретімен түсінікті жазылғаны керек деп. Рахмет сізге. Бұйырса, демалыста лағман жейтін болдық. :)

    • elvira айтады:

      ас болсын! кейін міндетті түрде қалай шыққанын жазыңыз, окейлестік па?

      • Урхия айтады:

        керемет таң қалдырарлық дәм жанұямызға өте қатты ұнады енді жиі істеп тұратын болдым.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s