Масқара, төмендегі маффиндердің жасалу тәсілін әне-міне жазамын деп жүргенде бір аптадан асып кетіпті. Бұрын да айтқанымдай, уақыт құрғұр ешнәрсеге жетпейді-ау, жетпейд. Дегенмен, зу етіп өткен аптаның ішінде де бір-екі есте қаларлық істер жасалынып үлгеріліпті, соның ішінде: Абайдың сыңары Әйгерімінің («Абай Жолындағы» дай) қыз ұзату тойын тамашалау; алыстан келген күйебалам мен осындағы құдабалаларымыз (және олардың әйелдері) құрметіне ұйымдастырылған пикник; Алматыдағы көрші-блогшы қыздармен кездесіп танысу; Мадинаның Кегендегі (Алматыдан 3,5 сағат алыстағы!) тойына барып, 1 сағатта қайта жолға шыққанымыз да бар.. Осылай жүріп міне жұмаға да жеттік! Алақай!
– 3 стакан ұн
– 1 пакет разрыхлитель
– аздап тұз
– 2 ас қасық көкнәр
– жарты пакет сары май
– 150 гр қант пудрасы
– 4 ас қасық қант
– 2 жұмыртқа
– 1 стакан жылы айран
– 2 ас қасық қаймақ
– 1 лимон цедрасы
Бір ыдыста ұн + көкнәр + разрыхлитель + тұз араластырыңыз. Бөлек ыдыста май мен қант пудрасы + қантты 2 минуттай үзбей миксерлеңіз. Бірбірлеп жұмыртқаларды қосыңыз. Әр жұмыртқадан кейін араластыруды ұмытпаңыз. Лимон цедрасын қосыңыз. Қаймақ пен айранды араластырыңыз. Енді ұн қоспасының жартысын мен айран қоспасының жартысын қосып қасықпен араластырыңыз. Ұн жұмыртқа қоспасымен толық біріккенге дейін. Қалған жартысын қосып қасықпен баяу араластырыңыз. Арнайы маффин қағаздарына қойып, 200-220С алдын ала қыздырылған ыстық духовкада пісіріңіз.