рататуй-2

Парадокс: жұмыс істейтін әрбір қыздың арманы – үйде отырып ұнаған іспен айналысу; үйде отырған (баламен болсын болмасын) әркімнің арманы – жұмысқа шығу екен. Үйде отырғым келеді.

– 2 кәді
– 2 кіші сәбіз
– 2 пияз
– 150-200 гр фарш
– жарты сары бұрыш
– жарты қызыл бұрыш
– 1 көк бұрыш
– жарты ас қасық тұз
– 1 ш.қ. ірі қызыл бұрыш
– 2 қызанақ

– 1 стакан күріш
– 1 ас қасық сары май

Алдыменен аз майға фаршты қуырып алыңыз. Еттің түсі өзгерген кезде майдалап туралған пияз қосып қуырыңыз. Пияз мөлдір бола бастағанда, майдалап туралған сәбіз қосыңыз. Сәбізді 5-10 минуттай қуырыңыз. Бір кәдіні толығымен аршып, майда төртбұрыштарға тураңыз да, табаға қосып қуырыңыз. 5-8 минут. Енді, майдалап туралған бұрыштарды және қызанақтарды қосыңыз. Тағы 5 минуттай қуырыңыз. Тұздап, ірі қызыл бұрыш қосыңыз. Аздап қайнаған судан құйып, су толығымен жоқ болғанға дейін духовкада пісіріңіз.

Бөлек табада аз майға ұзынша туралған кәді тілімдерінің екі жағын қызартып қуырыңыз. Қуырылған кәдінің артық майын алу үшін кәділерді қағаз майлыққа түсіріңіз.

Күрішті тазалап, жылы суға жуыңыз да, ыстық суға жібітіп қойыңыз. Қазаншықта сары майды қыздырыңыз. Күрішті судан сүзіңіз. Күрішті майға қосып, қуырыңыз. 1 шәй қасық толмай тұз қосып араластырыңыз. Енді күрішті 1 саусақ деңгейінде жауып тұратындай қайнаған су құйыңыз. Су қайнаған кезде, күріштің астын басып (ең төменге) 10 минуттай пісіріңіз. Піскен күріштің үстін ашпай 5 минуттай жабық күйінде демдеңіз.

Кесеге қуырылған кәділерді тізіп, оның үстіне күріш қойып, бастырыңыз. Енді кесені тәрелкеге төңкеріп, айналасына духовкада піскен көкөністі қойып сервис жасаңыз. Тәрілкеге сәндеп қоюдың басқа үлгілері жоғарыдағы суретте көрсетілген. Қалауыңыз бойынша басқа да көкөністерді қоссаңыз болады.

п.с.: Бүгін көңіл- күйім көтеріңкі болып, рецептті сәл ұзын ғып жазыппын. Жаза бергім келеді, жаза бергім :) ғафу етіңіз.

Айтпақшы, рататуйдың басқа тәсілі мына жақта жазылған.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s