сүзбелі торт

Тағы жасар болсам, 250 емес – 150 гр печенье қосатын болармын немесе сары май мөлшерін арттырамын. Өйткені рецепттегі печенье артықтау болып, торттың асты қалағанымдай шықпады. Сізде де печенье артқан болса, оны сән үшін торттың үстіне сеуіп қойсаңыз болады.

– 250 гр печенье
– 2 ас қасық сары май
– аздап корица

– 200 гр шоколад
– 400 гр сүзбе
– 3 жұмыртқа
– жырты стакан қант
– ванилин

Майды ерітіңіз. Печеньелерді ұнтақтаңыз. Корица мен сары май қосып жақсылап езіңіз. Бөлек ыдыста қант пен жұмыртқаларды миксерлеңіз. Сүзбе мен ванилин қосып араластырыңыз. Шоколадты «буға» ерітіп, сүзбеге қосып араластырыңыз. Печенье қоспасын ыдысыңыздың түбіне бастырып қойыңыз. Үстіне сүзбе қоспасын төгіп, 180С ыстық духовкада 40 минуттай пісіріңіз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Торттар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

4 Responses to сүзбелі торт

  1. Альмира айтады:

    Сүзбе деген қайсы, творог па? Сосын сен силиконовый формаларға істеп көрдің бе?

    • elvira айтады:

      иә, сүзбе = творог. Силиконды формаларым бар, әсіресе бәліштерді пісіргенде оларды қолданамын.

  2. Жанси айтады:

    корица коспаса болмай ма,

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s