пиязды пицца

Білуімше италияндық (пиццаның атамекені) пиццалардың нандары жұқа, қытырлақ болып келеді. Яғни, пицца жеген кезде нанынан көп ірімшік, қызанақ т.сс қоспалары сезіліп тұрады. Төмендегі пицца қамыры – менің қиялымдағы нағыз италияндық пиццаның нағыз өзі! Алғаш жасағанымда көңілімнен аса шықпаған болатын, бірақ бұл жолы.. ммМмм! Зәйтун майының арқасы болса керек. Жасаған асын біреу «ммм, өте дәмді! Қайдан сатып алғансыңдар?» десе, қандай аспаз болсын мәз болып қалады ғой. Бүгін осы пиццаны жегендер де тура солай сұрады – «шелек» болып қалдым. Демек, бұл жолы рецептін дұрыс жасадым!

Төмендегі мөлшерден екі пицца шығатынын ескіріңіз.

– жартыдан көп құрғақ ашытқы
– аздап тұз
– аздап қант
– 2 ас қасық ұн
– 4 ас қасық жылы су
– 1,5 стакан ұн
– жарты стакан жылы су
– томат
– зәйтун майы
– черри қызанағы
– 2 сосис
– орта үлкендікте 1 пияз
– сүйіксіз қара зәйтун
– 100 гр ірімшік

Ашытқыны 4 ас қасық жылы су + 2 ас қасық ұн + аздап қантпен ашытқыны жақсылап езіп араластырыңыз. Үстін жауып қойыңыз. 15-20 минутта ашытқыңыз көтерілуі керек. 1,5 стакан ұнды үстел немесе бір ыдыстың ішіне қойып, ортасына шұңқыр жасаңыз да, көтерілген ашытқыны сол шұңқырға төгіңіз. Аздап тұздаңыз. Жәймен ұнмен араластырыңыз. Керек кезде жарты стакан жылы судан аз аздан қосып тұрыңыз. Қолға жабыспайтын қамыр болғанға дейін 5 минуттай илеңіз. Қамырдың үстін жауып, 40-45 минутқа қойып қойыңыз. Осы уақытта пиязды шеңберлеп немесе жартылай шеңбер етіп жұқалап тураңыз. Аз майға қуырыңыз. Зәйтундарды да шеңберлеп тураңыз. Пицца қамырын жайып, үстіне томат пастасынан жағып, зәйтун, қуырылған пияз, сосис, 10 дана черри қызанағын (үшке бөліп тураңыз) қойып, үстінен үккіштен өткізілген ірімшік сеуіп қойыңыз. Енді пиццаны итальяндық жасайтын негізгі қоспа- зәйтун майы! Майды пиццаның үстіне сеуіп жүргізіңіз да, пиццаны 230С духовкада 25-30 минутатй пісіріңіз. Ас болсын!

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Пиццалар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s