Кейде.. жоқ, көбіне бір игі нәрсе істеп, ол жайлы қанша ешкімге айтпайм десем де, біреу болмаса біреуге айтып қоямын. Айтып алып бір түрлі жаман боламын: кәдімгідей біреу жиған-терген байлығымды тоңап кеткендей бір сезім. сосын «түһ, айтпай шыдай тұрмадың ба» деп өзіме ренжеймін кеп.. бүгін сондай болдым қайтадан :( мынаңдай түріммен (бәрін елге айта беріп) амал дәптерімде еш жақсы амал қалмайды ма деп қорқам.. жыным келед.
– 6 жұмыртқа
– 150 гр ірімшік
– 1 ш.қ. тұз
– аздап қара бұрыш
– 1 ш.қ. ірі қызыл бұрыш
– 2 үлкен кәдіш (ор.кабачок)
– 4 қызанақ
– көк пияз
– 3 қатқан нан тілімі
– сары май
Алдыменен жұмыртқалардың бәрін қол миксерімен араластырыңыз. Ірімшікті үккіштен өткізіп, тұз, қара бұрыш, қызыл бұрыш сияқты дәмдеуіштермен бірге қосыңыз. Кәдіштерді аршып, ірі үккіштен өткізіңіз. Енді қызанақтар мен көк пиязды майдалап тұрап бәрін жұмыртқа қоспасына қосып жіберіңіз. Нанды суға малып, сығыңыз да, бөлшектеп оны да қосыңыз. Енді бәрін бір рет араластырып, жақсылап майланған ыдысқа төгіңіз. Алдын ала 200С қыздырылған духовкада 40 минуттай пісіріңіз. Үсті сәл қызарып пісуі керек. 10 минуттай суытып, сервис жасаңыз.
п.с.: Бұл тағам Элистің рецептіне негізделіп жасалынған. Бес минут бұрын духовкадан шығарылды. Әлі ып-ыстық.
Keshiriniz bilmei jatkanyma. Kadish degennin agylshynshasyn aityp kalasyz ba?Sosyn разрыхлитель degen ne?
сәлем, Бақытнұр. кәдіш = zucchini.разрыхлитель = baking powder. (zucchini-дің аудармасын массағанға да кіріп қарағанмын бар ма екен деп, жоқ болып шықты)