профитерол

Профитерол жасауға өмірі қорқақтайтынмын. Сондықтан төмендегідей қисық-мисық болса да, профитерол (эклер) жасай алғанымды – кәдімгідей үлкен жетістігім деп білемін! Пісуіне кеткен уақыттан басқа көп нәрсені керек етпейді де екен. маған өте ұнады. Бұйырса, алдағы уақытта басқа да крем түрлерімен жасап көрмекшімін. (Рецепт Ресейлік Левина есімді қызға тиесілі).

– 1 стакан су
– 100 гр сары май
– 1 стакан ұн
– 3 үлкен жұмыртқа
– аздап тұз

крем үшін:
– жарты стакан сүт
– 2 ас қасық жармақ ұнтағы
– 4 ас қасық тәтті сүт
– ванилин

Кішкентай қазаншық ішінде 1 стакан су + май + тұз қайнатыңыз. Қайнап тұрған майлы суға 1 стакан ұн салып жіберіп, астын басып, үзбестен 2-3 минут араластырып пісіріңіз. Астына жабыспайтын қамыр болуы керек. Астына жабыспай тұрса, артық судын бәрі кетті деген сөз. Бұл маңызды. Қазаншықтың астын өшіріп, суытыңыз. Жылы қамырға кезек кезегімен жұмыртқаларды қосыңыз. Әр жұмыртқадан кейін араластырып тұрыңыз. Қатты қою да емес, сұйық та емес тегіс қамыр шығуы керек. Енді арнайы қағаз үстіне үлкен ас қасықтан қойып, 18-20 шақты эклер жасаңыз. Алдын ала 200С қыздырылған духовкада 25 минут пісіріңіз. Қамыр көтерілді ма? Ондай болса, енді мөлшерді 170С азайтып, тағы 25 минут пісіріңіз. Эклерлер жеп-жеңіл болып, қағаздан тез алынып тұрса – піскені.

Крем үшін: Сүтке жармақты пісіріңіз. Бөлек ыдыста майды жақсылап миксерлеп, тәтті сүтпен араластырыңыз. Екі қоспаны бір біріне қосыңыз да – креміңіз дайын! Эклерлердің арасына крем жағып, жақындарыңызды шәйға шақыра беріңіз! Ас болсын!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Десерт. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s