Dr Oetker бойынша лимонды кекс

Төмендегі кексттің басқа лимонды кексттерден екі ерекшелігі бар: ішінде крахмалдың болуы + кексттің үстіне арнайы глазурьдің жағылатыны.. өте ұнады! Кәдімгі кексттен сәл ұзағырақ піссе де, әр бір минуті оған тұрарлық: кекс жақсы көтеріліп, крахмал арқасында қамыры өте нәзік болды. Глазурь үшін 200гр қант пудрасы көп деп, мөлшерді өзгертпеңіз – жылтыр, аздап қышқылдау, әдемі глазурь шығады. Үстінен шоколад ерітіп ою салса да болатын сияқты.

– 250 гр жұмсартылған сары май
– 200 гр қант
– 50 гр қант пудрасы
– 4 жұмыртқа
– 150 гр ұн
– 125 гр крахмал
– 1 ш.қ. разрыхлитель
– 2 лимон цедрасы

глазурь үшін:
– 200 гр қант пудрасы
– 4 ас.қ. лимон шырыны

Ұн + разрыхлитель + крахмалды елеп дайындап қойыңыз. Сары майды түсі ағара бастағанға дейін миксермен араластырыңыз. Қант пен қант пудрасын қосып ары қарай араластырыңыз. Енді бір-бірден жұмыртқаларды қосыңыз. Әр жұмыртқадан кейін жақсылап араластырып тұрыңыз. Миксер жылдамдығын азайтып, ұн қоспасын қосыңыз. Ең соныңда лимон цедрасын қосыңыз. Кекс формаңызды майлап, қамырды құйыңыз. Қамырдың үстін тегістеп, алдын ала қыздырылған 170С духовкада 1 сағаттай пісіріңіз. Жылы кекстің үстіне глазурь (лимон шырыны + қант пудрасы) құйып, суытыңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: кекстер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s