Бұл десертті Айнұр апайдікіне барғанымызда көргем. Қатты ұнатып едім, дастарханды әдемі ашып тұрды. Міндетті түрде жасап көруім керек деп, ойыма жазып қойған болатынмын. Содан бері міне 1 жылдай өтті. Айнұр апайдың қалай жасағанын түсіндіргені де әрине есімнен шығып кетті. Шамасы былай шығар деп, бүгін жасап көрсем сырты ұқсаған сияқты.. дәмін әлі көрмедім. Тоңазытқышқа қойып қойдым, ініме жегізейін деп )) ол ұнатып жатса, жақсы шықты деп қайта жазармын ;)
– алмалар
– табиғи бояу
– балмұздақ
– жаңғақ
– қант
Алмаларды екіге бөліп, дәнегін алып тастап, аршыңыз. Қант қосылған суға алмаларды қойып қайнатыңыз. 1 стакан суға шамамен 1,5 стакан қант. Енді пышақтың ұшымен табиғи бояу қосыңыз. Айнұр апайдікі қып-қызыл болатын, мен қызыл түсті бояуымды таппай қойдым да, қосылған көк бояудан алмаларым жасыл, киви сияқты болып кетті :) Алмалар жұмсарып піскен кезде, судан сүзіп алыңыз да, суытыңыз. Толығымен суыған алмалардың үстіне бір-бір қасық балмұздақ пен майдаланған жаңғақ қосып сервис жасаңыз. (балмұздақ орнына қаймақ қойсаңыз да дәмді)
tamasha.
ас болсын. тағы https://aspazdik.wordpress.com/2007/05/11/%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D0%BC%D1%83%D0%B7%D0%B4%D0%B0%D0%BA%D1%82%D0%B0%D0%BD-%D1%82%D0%BE%D1%80%D1%82/ жердегі балмұздақтан торт жасап көруіңізге кеңес берем. Өте дәмді.