дорба-құймақ

Сырты кәдімгі құймақ, іші кәдімгі тауық еті. Сондағы ерекшелігі – әдемі оралуы! Келесі жәрмеңкеге міндетті түрде жасалынатын нәрселерден бірі. Оңай, бірақ соОондай әдемі.

құймақ үшін:
– жарты литр сүт
– 5 толған ас қасық ұн
– 4 ас қасық крахмал
– 4 жұмыртқа
– 2 ас қасық қант
– 1 шәй қасық тұз
– 2 ас қасық сұйық май

ішіне:
– тауық еті
– 1 пияз
– 100 гр ірімшік

– көк пияз

Алдыменен құймақтарды пісіріп алыңыз. Ол үшін: жұмыртқаларды миксерлеп, ұн + крахмал + қант + тұз қосып араластырыңыз. Енді, жылы сүт қосыңыз да, маймен араластырып қаймақтан сәл сұйықтау қамыр жасаңыз. Жақсылап ысыған табаға бір ожаудан құйып, асты-үстін ауыстырып құймақтарды пісіріп шығыңыз. Табаның үлкендігіне қарай шамамен 12-15 құймақ шығуы керек. Бөлек табада майдалап туралған пияздарды қуырыңыз. Тауық етін алдын ала пісіріп, не болмаса шикілей пиязға қосып қуырыңыз. Тұз қосыңыз. Тауық піскен кезде отты өшіріңіз да, суытыңыз. Суыған тауыққа ірімшік үкітіп араластырыңыз.

Енді ең қызығы – құймақтарды орау кезі! Ол үшін, алдыменен құймақ санына қарай көк пиязды қайнап тұрған суға салып жіберіңіз. Осылай ащысы кеткен болады. Енді, құймақтың ортасына тауық етінен қойып, дорба қылып шеттерін жинаңыз. Пиязбен буып қойыңыз. Дорба-құймақтарды асты майланған ыдысқа тізіп, үстіне қалауыңыз бойынша ірімшік сеуіп немесе жәй сары май жағып қойсаңыз болады. 170С духовкада 15 минут пісіріңіз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Таңғы ас. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s