шұжықты бұқтырылған қырыққабат

Бұрын берілген бұқтырылған қырыққабаттың басқа вариантын жасап көрдім. Негізінде басында вегетериандық лазанья жасалыну керек еді. Пияз бен сәбіздер қуырылып тұрғанда тоңазытқышымдағы екі күн бұрынғы салаттан артылып қалған жүгері мен соңғы демдегі қырыққабатқа жаным ашып – лазаньяны кейінге қалдырып, төмендегідей бұқтырма жасағандай болдық. Жеңіл. Дәмді. Тез.

– жарты қырыққабат
– жарты банка жүгері
– 1 қызанақ
– жарты ас қасық ащы томат
– 1 үлкен сәбіз
– 2 жасыл болгар бұрышы
– 1 жартылай ащы қызыл бұрыш
– 3 тал Халал-Сұлтан шұжығы
– тұз
– қызыл бұрыш

Пиязды майдалап тураңыз да, майға қуырыңыз. Пияз түсін өзгерген кезде, сәбіздерді үккіштен өткізіп қосыңыз. Енді, болгар бұрыштарды майдалап тураңыз да, табаға қосып қуырыңыз. Содан сон, жүгері мен қалауыңыз бойынша қызанақ не болмаса ащы томат қосыңыз (мен екеуін де қостым). Қырыққабатты турап, табаға қосыңыз да, тұздап-бұрыштап астын басып пісіріңіз. Піскенге 5-10 минут қалғанда, шұжықты домалақ етіп турап қосыңыз. Шұжықты бұқтырылған қырыққабат шамамен 25-30 минутта дайын болады.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s