соя соусы ішінде кунжутты тауық

Бір нәрсені қатты жегің келіп кететін кездер болады ғой.. бүгін жұмыста Щи-вон-ханың хошан, лазыжу, дапанджи т.с.с қытай (дұнған) тамақтары есіме түсіп, қытай ас үйінен (соя соуысы ішінде) бір нәрселер жасағым келді. Төмендегі тағам солай пайда болды қысқасы ;) Тез дайындалады – яғни, жұмыс істейтіндер кешкі асқа жасап үлгірері сөзсіз. Күннен күнге соя соусына ғашық болып бара жатқанымнан басқа алып қосарым жоқ.. керемет нәрсе!

Бүгін тек қана екі кісілік ғып жасадым. Сіз кісі саныңызға қарай мөлшерді арттырыңыз.

– 300 гр тауық филесі
– 1 ас қасық соя соусы
– 1 жасыл болгар бұрышы
– жарты жартылай ащщы қызыл бұрыш
– 1 ас қасық ұн
– 1 ас қасық кунжут
– аздап тұз
– майдалап туралған көк пияз
– жартыдан аз лимонның суы
– жарты стакан су
– 1 ш.қ. қант
– 1 ш.қ. кептірілген сарымсақ ұнтағы
– аздап ащщы қызыл бұрыш
– 1 ш.қ. картоп крахмалы

Тауықты қатты майда да емес, ірі де емес орта үлкендікте тураңыз. Соя соусымен араластырып, 15 минутқа демделуі үшін қойып қойыңыз. Бөлек ыдыста ұн + кунжут + тұз дайындап қойыңыз. Тауыққа ұн қоспасын қосып араластырыңыз да, аз майда 25-30 минуттай қуырыңыз. Тауық піскенге дейін. Ол уақытта соус дайындаңыз: лимон суы + су + көк пияз + қант + сарымсақ араластырыңыз. Пісейін деген тауыққа соус қосып, 5-10 минут буқтырыңыз. Ең соныңан крахмал қосып араластырыңыз да, астын өшіріп 3-4 демдеп, сервис жасаңыз. Қасына күріш пісірсеңіз де болады.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ет тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s