Көптен күткен 3-күндік демалысымыз құтты болсын! а, иә, астана күні құтты болсын дегенім ғой. айтқанымдай бұл күні алматылықтар қала сыртына шығып демалуға асық. Бұл бір дәстүрге айналуда. Биылғы демалыста Алматы маңайындағы жаңа жерлерді ашуға/көруге бел будық. Осылайша, жексенбі күні бұрын сонды естімеген Күрті су қоймасына (Алматыдан 120 км), ал бүгін Түрген ойпатының (90 км) Қайрақ сарқырамасына барып (74 м биіктіктегі сарқырамаға 17 км (3 сағат) жаяу(!) жүріп) қайттық. Демалысымыздың кей үзінтілері фотосуретте бар.
«Астана алтын қамал болғай, ел басымыз аман болғай»!
Жоғарыдағы пирогты маманың қонақтарына жасап берген едім. Қамырын сүзбелі пирогтағыдай жасап, ішіне сүзбе орнына бақшамыздағы таңқұрайдан қостым. Пирог қатты көтере қоймаса да, дәмі жақсы болды. Альтернатива ретінде жасап көруді ұсынамын.