сөздік.кз «ежевиканы» қожақат деп аударыпты. өз басым бірінші рет естіп тұрмын бұл сөзді. қайткен күнде де, қожақатты маффиндер жапжақсы-ақ нәрсе екен. дәмі сәл қышқылдау. ерекше. ұнады.
– 110 гр сары май
– 3/4 стакан жылы сүт
– 2 жұмыртқа
– 1,5-2 стакан ұн
– 3/4 стакан қант
– жарты ш.қ. корица
– 1 ш.қ. разрыхлитель
– қожақат
Сүтке жұмыртқа мен сайды қосып араластырыңыз. Бөлек ыдыста: ұн + қант + разрыхлитель + корица араластырыңыз. Енді екі қоспаны қосыңыз. Арнайы маффин ыдысына шыққан қамырмен жартылай толтырып, қамырдың үстіне қожақат қойып, үстінен тағы бір-бір қасық қамырмен жабыңыз. Қалауыңыз бойынша, маффиндердің үстінен аздап қант+корица қоспасынан сеуіп қойсаңыз болады (маффиннің үсті қоңырқай болуы үшін). 200С духовкада 25-30 минут пісіріңіз. Ас болсын!
п.с.: айпақшы, қожақат орнына басқа жидек қоссаңыз да болады. мысалға: қарақат, таңқұрай т.с.с