Қазақша «ң» мен (өздерің де байқағандай) «ұ» әріптерін дұрыс шығара алмай кішкентайымнан қиналамын. Мектеп кезінде намыстанатыным соншалық «ң» әріпі қолданылатын кей сөздерді жаттай салатынмын. Сол сөздердің бірі «жаҢғақ» пен «жаҢа» болатын. Бүгіндері бұл әріптердің қолданысын аз-көпті ажырата білсем, олардың дұрыс оқылуы жоғарыдағы екі сөзбен ғана шектелді да қалды. ұят та болса.. Хмм, печеньенің атын жазып тұрып ойға келген нәрселер ғой, айыпқа бұйырмаңыз. Печеньеге оралар болсам, бұл печеньені өткен жексенбі күні Эльмираның туған күніне арнап жасадым. Печенье Эльмира мен оның құрбы-достарының көңілінен шықты деп сенемін. Шоколадтың тез еріп кететіні болмаса, жаман болмаған сияқты жалпы.
– 250гр сары май
– 75 гр жылы сүт
– 1 жұмыртқа
– 1 ш.қ. разрыхлитель
– 1,5 стакан қант пудрасы
– 1 стакан майдаланған жаңғақ
– ұн
– 2 ас қасық какао
Алдыменен жұмсартылған май мен 2 стакандай ұн + разрыхлитель қосып араластырыңыз. Енді қалған заттарды кезек кезегімен қосыңыз: қант пудрасы + сүт + жұмыртқа + какао. Қамыр әлі де қолыңызға жабысып тұрса аздап крахмал қосыңыз. Ең сонында майдаланған жаңғақтарды қосыңыз (жаңғақтын әр түслісі жарай береді). Қамырды қалаған қалындықта созыңыз: ұзынша оқтау формасын алу керек. Енді арнайы «пленкаға» немесе пластикалық пакетке орап, тоңазытқышқа кем дегенде 1 сағатқа қойыңыз. Печеньелерді 170С ыстық духовкада 20-25 минуттай пісіріңіз. Печеньелер піскенше үстіне жағылатын шоколадты ерітіңіз. Дайын печеньелердің үстіне шоколад жағып (қалаған сурет салып не болмаса бір тамшы шоколад тамып қана), шоколадтың қатаюі үшін 5 минутқа тоңызытқышқа қойып қойыңыз.