Бүгін ҚБТУ алдында (ескі алаңда) Алматы қаласы мен Алматы облысы өндірушілерінің ауыл-шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті: мал шаруашылығы өнімдері мен көкөністер дүкендер бағасынан едәуір арзанға сатылды (мысалға, халал тауықтар – 340 тг, 10 жұмыртқа – 120 тг, қырыққабат – 15 тг, сәбіз – 40 тг)! көптеген нәрсе (алматы тігін фабрикалары мен аяқ-киім фабрикасының тауарлары) өндіруші бағасымен сатылды.
Жәрмеңке сағат таңғы 8-ден бастап жұмыс істепті. Мен саған түскі 1-лерде фурмановамен келе жатып кездейсоқ байқап қалдым. Таң қалдырған нәрсе – алматының көптеген өндіруші маркаларымен сол жәрмеңкеде алғаш таныстым. Сапалы әрі арзан көп өндірушіміз бар екен. Қуандым. Осындай жәрмеңкелерді жиі-жиі өткізіп тұру керек сияқты. отандық өндірушілерімізді қолдау қашан да болсын – маңызды!
Жиі ұйымдастырылып тұрса жақсы болар еді. Шыментте де аптаның әр сенбі күндері болады. Бірақ бағасы базардағыдай екен.
Әр сенбі болса рахат екен ғой. Біздікілер апта сайын емес, ай сайын ұйымдастырса да қуанар едік.