қаймақ қосылған алма бәліші

Бұл рецепт Аспаздықтың ең адал оқырманы Айшаға тиесілі. Өмірлік жолдасы мен енесінің көңілін таба білген қазақтың қызы өз хатында былай деп жазды:

…jakinda turmiska turdim, joldasim men mamamdi (enemdi, birak bul sozdi unatpaymin) kalay kuantsam dep oylap jurgenimde osi pirogti istep berdim. az gana tamak jeytin maman bul pirogti korgende toktayalmaydi :) joldasim da katti unatip jeydi. sizben boliskim kelip edi, uakitiniz bolsa jasap koriniz. (sizde almali balishterdin kop recepti bar ekenin bilem, birak janilmasam eshkaisisina smetana kospaysiz. meninkisinde smetana koldaniladi)…

Жасап көрдім! ұн мөлшерін керегінен көп қосқан сияқтымын – қамыр сәл құрғақтау болып шықты. Бірақ алмалардың үстіндегі қаймақ «заливкасы» балдай тәтті, керемет! рахмет рецептіне, Айша!

қамыры:
– 150 гр сары май
– 0,5 стакан 15% қаймақ
– 2 стакан ұн
– 1,5 шәй қасық разрыхлитель

үстіне:
– 1 стакан қаймақ
– 1 стакан қант
– 1 жұмыртқа
– ванилин
– 2 ас қасық ұн

ішіне:
– 500-600гр алма

Ұн мен разрыхлительді елеңіз. Сары майды ерітіп, қаймақпен араластырыңыз. Біркелкі қоспа болуы тиіс. Енді ұн мен разрыхлительді аз-аздап майға қосыңыз. Жұмсақ қамыр болуы тиіс.

Ыдысты майламай, қамырды түбіне жайыңыз. Үстіне аршылып, туралған алмаларды қойыңыз (қалауыңыз бойынша корица себіңіз). Бөлек ыдыста «заливкасын» дайындыңыз: қаймақ + қант + ванилин араластырыңыз. Жұмыртқа қосыңыз. Аздап ұн қосып араластырыңыз. Осы қоспаны алмалардың үстіне біркелкі етіп төгіңіз. Форманы жәймен сілкіп тұрсаңыз, қаймақты қоспа жақсы жайылатын болады. Алдын ала қыздырылған духовканың 180С-да шамамен 50 минуттай пісіріңіз. Ыстықтай немесе суытып жеуге болады дейді Айша.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Тәтті бәліштер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s