тауық сорпасы

Науқасқа тауық сорпасын неге ішкізетіндерін білесіз бе? Иә, тауық сорпаның холестирин азаюына септігін тигізіп, тұмау мен тамақ ауруына қарсы керемет ем болумен қатар, иммунитеттің күшеюіне кәдімгідей көмектесетіндігінен. Тауық сорпасы негізінде мөп-мөлдір болып пісуі керек. Мендегіне қарамай-ақ қойыңыздар: аскөк, бұрыш қосып едім, түрі бірден өзгере шықты.

– бір тауық кеудешесі (ақ еті)
– 1 сәбіз
– 3 картоп
– аскөк
– тұз

Тауықты салқын суға салып, бір қайнатыңыз. Тұздаңыз. Сорпаның бетіне шыққан көбікті алып тастап, астын басып пісіріңіз. 45 минуттай (тауықтың сапасына байланысты). Енді тауықты шығарып, сорпаға аршылып туралған сәбізді қойыңыз. 5 минут. Картоп қосыңыз. 5 минут. Тауықтың етін ұзыншаларға бөлшектеп, сорпаға қайта қойып, тағы 10 минуттай қайнатыңыз. Енді майдалап туралған аскөк қосып, астын өшіріңіз. Жеңіл әрі пайдалы!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Сорпалар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to тауық сорпасы

  1. koreanfanatik айтады:

    Осы сорпа менің «коренной» тағамыма айналды. Аз болып қалмас үшін көбіне «Лия» лапшасын қосамын. Өте дәмді шығады.
    Содан соң сенің рецептің бойынша күріш көже жасаймын. Екеуі де өте дәмді шығады ;)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s