бақытты бол, Эльмира!

Кеше Эльмираның үйі жаққа барып, құдалық пен басқа дәстүрлі рәсімдерге, кешкісін де қыз ұзату тойына қатыстық. Ақ баталармен нақышталған ақ матамен жүріп, маңдайына жазған Маратпен жаңа отау тіккеніне куә болдық!

Бірақ мен әлі де Эльмираның тұрмыс құрғанына сене алар емеспін! ;) «студентка, комсомолка, спортсменка и просто красавица» құрбым ол! Менің әзілдеріме шынайы күлетін досым ол! Біз жете алмаған жер, бара алмаған той, ұйымдастыра алмаған пикник жоқтың қасы. Күйеуге шығумен өмірдің бітпейтінін, достықтың күймейтінін білгенімен.. Эльмираның тәулік бойы тыңбай істейтін «барлық-сұрақтарға-шапшаң-дайын-жауаптары», жігерлігі, даналығы мен шексіз мейірімі өзіме қазірден жетіспей тұрғандай.

Марат расында да бағы бар бала! Эльмира екеуі көтерген шаңырақтары биік, өмірлері чики-чики болуына шынайы жүректен тілектеспін! (Эльмираның көркем мінезі басқа түрліні болдырмайды да) Тәні мен жаны ұқсас екі жақсы адамға үлкен бақыт пен шаттық, зор сенім мен саулық тілеймін!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: ***. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s