бириани

Үнді тағамдарынан аса ұнататындарымның бірі. Бириани – тауық етті палау десе де болады. Үнді «палауды» ерекше ететін – ондаған дәмдеуіштері! Тмин, имбирь, зира, шафран.. кез келген тамақты түрлендіріп жібереді. Дәмді!

п.с.: Бүгін Эльмира Б. құрбымның қыз ұзату тойы! Алақай!

– жарты кг тауық еті
– 1 пияз
– 2 стакан күріш
– 2 майдалап тұралған қызанақ
– 1 ас қасық ащщы томат
– 2 стакан тауық сорпасы
– дәмдеуіштер: жарты шәй қасықтан кепкен жалбыз + тұз + қара бұрыш + кориандр + езілген сарымсақ + кепкен имбирь + тмин (қалауыңыз бойынша мөлшерді 1 ш.қ. етіп алсаңыз болады)

Күрішті жуып жылы суға жібітіп қойыңыз. Енді 3-4 ас қасықтай сұйық майды қазанға құйып, алдыменен ірі етіп туралған етті қуырыңыз. Жартылай қуырылуы тиіс. Енді майдалап туралған пияздарды қосып қуырыңыз. Томат пен қызанақтарды қосыңыз. Дәмдеуіштерді қосыңыз. Үстінен тауық сорпасын құйыңыз. Сорпа жылы болуы керек. Астын басып, ет жұмсарғанға дейін үстін жауып пісіріңіз. Бөлек таба ішінде күрішті май қоспай қуырып алыңыз. 4-5 минуттай. Ыстыққа төзімді ыдысыңызға алдыменен күрішті, оның үстіне де тауық етін қойыңыз. Күріштің үстіне сорпасымен бірге етті түсіріңіз. Араластырмаңыз. Ыдыстың бетін фольга немесе өз қақпағымен жауып, 190-200С 25-30 минуттай пісіріңіз (сорпа толығымен тартылғанға дейін). Піскен бирианиді кем дегенде 5 минуттай ашпай тұра тұрыңыз (күріш жақсылап демделінуі үшін). Бирианидің үстіне қара бұрыш сеуіп, сервис жасаңыз. Ас болсын!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ыстық тамақ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

5 Responses to бириани

  1. Альмира айтады:

    осы ыдысты сатып алдым да газдын духовкасына коюга коркып жүрмін, сынып калса жалко ғой.

  2. Альмира айтады:

    бүгін жасадым. Бірақ кепкен жалбыз деген не екенін білмедім, базардағылардан солай сұрасам сатушылар білмейді екен, сосын томат үйде жоқ екенін білмей оны да алмаппын, әйтеуір сол екеуін қоспай жасай салдым :))) нормально болды, жеп алдық не болса да

  3. Айдана айтады:

    қуырылатын ет те тауық еті ма??

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s